Әскери ұшқыштар Ми-8 тікұшақтары мен 4-ші үлгідегі Су-27 ұшақтарында жаттықты

30153 әскери бөлімінің жеке құрамы Ақтау қаласындағы оқу-жаттықтыру ұшуларына қатысты. Әскери ұшқыштар Ми-8 тікұшақтары мен 4-ші үлгідегі Су-27 ұшақтарында жаттықты.

Берілген тапсырмаларға байланысты әскери қызметшілер әртүрлі жаттығуларды, яғни, ұшу, қону аймақтарындағы іс-қимылдарды пысықтады. Қысқы жағдайлардағы ұшулар ерекше күрделілікпен айрықшаланады. Төменгі температураға байланысты ұшу аппаратының мұздануы ықтимал, ал қар жабыны жерде бағдарлауға қиындық туғызады. Ұшу аппараттарын қыздыратын инженерлік-техникалық құрамның да тапсырмалары күрделенеді. Алайда, күрделі жағдайлардағы ұшулар әскери нұсқаушылар оқып-үйрететін ұшқыштардың дағдысы мен шеберліктерін бір қалыпта ұстап тұру үшін қажет.

«Оқу-жаттықтыру ұшулары күндіз-түні жүзеге асырылады. Ол қарапайым және күрделі метеорологиялық жағдайларға байланысты болады. Аптасына құрам кем дегенде үш рет ұшады», - деп Әскери-әуе күштері қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Еркін Жұмағалиев атап өтті.

Жаттықтыру ұшулары сонымен қатар оқу-жаттығу базасында жүзеге асырылады. МиГ-25, МиГ-29, Су-27 ұшақтарында екінші курстан бастап Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанттары оқиды. 

Ұшқыштардың психологиялық және дене даярлығы да аса маңызды. Сондықтан ұшу алдында олар міндетті түрдегі медициналық тексеруден өтеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"