«Айбалта – 2016» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

   ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Назарбаевтың нұсқауларына сәйкес, Қазақстанның Қарулы Күштерінде «Айбалта – 2016» жедел-тактикалық командалы-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Ол дағдарыстық ахуалдарды оқшаулау кезінде әскердің іс-қимыл мәселелерін пысықтауға бағытталады.

 Әскер таң атпай жауынгерлік дабылмен көтерілді. Қажетті қару-жарақпен жабдықталған әскерилердің колоннасы «Шығыс» жалпыәскери полигонына жол тартты. Ақпанның 22-28 аралығына жоспарланған оқу-жаттығуы ұдайы орналасу пунктерінде, қозғалу бағдарларында, «Сарыөзек» және «Спасск» полигондарында да өтеді. Ерекшелігі сол, алғаш рет қыс мерзімінде жауынгерлікке жақындатылған жағдайда жүзеге асырылады. Әр түрлі әскер тектерінің алыс қашықтықтарға және таңсық полигондарға ауыстырылатын 20-дан аса бөлімше тартылып отыр. Оның ішінде армиялық авиацияның эскадрильясы да бар. Барлығы 5 мыңға жуық әскери қызметші, 1 500-ден аса бірлік әскери техника мен қару-жарақ, шамамен 30 бірлік авиациялық техника жұмылдырылды. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің көлеміндегі «Айбалта-2016» жаттығуының белсенді кезеңдері аптаның соңына дейін қолға алынады. Онда әскерилер далалық жағдайда шеберліктерін одан әрі шыңдайды. Ауа-райының жайсыздығына қарамастан, жауынгерлік қимылдар барысында техника мен қару-жарақты дұрыс қолдануға да жан-жақты машықтанады. Жеке құрамның моральды-психологиялық тұрақтылығы мен дене дайындығының төзімділігін арттыруға да мән беріледі. Айта кетейік, ауқымды оқу-жаттығуы 2015 жылы Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында бір уақытта өткен болатын. Оған шамамен 10 000 әскери қызметші, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің 20-дан астам бөлімшесі, 2000-нан астам бірлік техника және жөнелту үшін 17 эшелон қамтылған еді.

   Генерал-лейтенант Мұрат Майкеев, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы: «Айбалта – 2016» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері, «Астана» өңірлік қолбасшылығы, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, ҚР ҰҚК шекара қызметі, ҚР Ұлттық Ұлан, Әуе қорғанысының күштері тартылды. Назар аударатын жәйт: жаттығу сақылдаған сары аязда, әрі әскерлер үшін таңсық жерде өткізілмекші. Бірқатар жекелеген батальондар мен дивизиондар оңтүстік пен батыстан келіп жетті. Басты мақсат – күрделі жағдайларда жұмыс жасау үшін штабтар мен әскерді әзірлеп, қыс мерзімінде жауынгерлікке жақындатылған жағдайда әскери операцияларды жоспарлауға үйрену».
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"