Күрделі тәсілдер пысықталды

48386 әскери бөлімінің әскери қызметшілері операцияларды жүргізудің ең күрделі амалдарының бірі – торуылды пысықтады.

Аталмыш тәсілді орындаудағы сәттілік жергілікті жердің жағдайын ескере отырып, орынды дұрыс таңдаудан, бөлімше командирі мен оның атыс құралдарын дұрыс қолдану және торуылға белгіленген топ жеке құрамының орналастырылуына байланысты болады. Практикалық сабақтардың алдында далалық шығу болды.  Ұдайы орналасу орнынан әскери қызметшілер әскери бөлімнен 10 шақырым қашықтықта орналасқан «Жетісу» полигонының ауданына ілгері жылжыды.

Далалық жорық штаттық құралдарды, қысқы бүркемелеу халаттарын, қорғаныс жиынтықтарын қолдана отырып, жаяу жүріс тәртібінде жүзеге асырылды. Сонымен бірге жауынгерлердің керек-жарағында қару, яғни, шусыз тапаншадан Макаров тапаншасы құралдарының шуылсыз оқ атуы үшін аспаптары бар автоматтар, тапаншалар мен байланыс құралдары болды. Әдістемелік-нұсқаулық сабақтарға 48386 әскери бөлімінің 50-ге жуық әскери қызметшісі тартылды. Әскери бөлімнің әрбір ротасы мұндай далалық жорықтарға айына бір рет шығып тұратынын айта кеткен жөн. 

Әртүрлі оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтай отырып, әскери қызметшілер далалық жағдайларда, бұл жағдайда қысқы полигонда апталап болады. Ал жағдайды жауынгерлікке барынша жақындату үшін практикалық сабақтарда арнайы даңғырлаған және елестету құралдары пайдаланылады.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"