Жылжымалы электр станциялармен толық қамтылды

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімшелері 100 пайызға жылжымалы электр станциялармен қамсыздандырылды.

Жабдық электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін арналған. Дизельдік электр станциямен бірге ішкі энергиямен жабдықтау құралдарының құрамына сонымен бірге тарату-түрлендіру құрылғысы кіреді. Қондырғыда жұмыс жасау үшін әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде энергиямен қамтамасыз ету бөлімшесінің жеке құрамын оқыту және ұдайы жаттықтыру жүргізіледі.

«Радиотехникалық батарея құрамында энергиямен қамтамасыз ету бөлімшесінің негізгі арналуы белгіленген нормативтік мерзімде тұтынушыларға электр қуат көзін беру болып табылады.  Бұл мәні бойынша ұдайы орналасу орнында болатын бөлімшенің жауынгерлік әзірлігін айқындайды», - деп 97617 Н әскери бөлімі энергиямен қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы аға лейтенант Сағындық Жүнісов атап өтті.
Бұл жұмыста дизельші-электриктердің міндеттерін атап өткен жөн. Нақ солардың өзі электр энергияның үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді. Олардың жұмысынан байланыстың болуы байланысты. 
Бірінші белгі бойынша ауысымда кезекшілік атқаратын әскери қызметшілердің әрқайсысы тез арада өзінің орнына тұрып, нақты, шебер және табанды іс-қимылдарды орындау үшін күштерді жұмылдыруға дайындалуы тиіс. 
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"