Балаларға «базарлық» жасады

ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының әскери қызметшілері мереке күндері аясында Астана қаласындағы балалар үйіне барды.

Әскери қызметшілер балалар мен балалар үйінің қызметкерлерін Жаңа жылдарымен құттықтап, оларға зор денсаулық пен береке, ал бүлдіршіндерге жақсы оқып, нағыз патриот болуларын тіледі.

«Жаңа жыл – арман-тілектер орындалатын мезгіл. Әскери полицейлер жаңа жылдық тосынсый жасап, балаларды қуантуға бел буды. Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлеріне біз тұрмыстық техника сыйға тарттық», - деді ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасы бастығының орынбасары полковник Алексей Скорняков.

Тұрмыстық техникадан басқа, әскери қызметшілер балаларға арнап 20 тәтті сыйлық пен ойыншықтар әкелді. Барлық сыйлықтар әскери қызметшілердің еркін түрде жинаған қаражаты есебінен сатып алынды.  Әскери полицияның әскери қызметшілері қайырымдылық іс-шараларды ұдайы негізде өткізіп тұратынын айта кетейік. Балалар үйі мен қарттар үйін, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қамқорлыққа алады, донорлар ретінде қан тапсырады, банктерді толықтырады және т.б. Бұл Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық әскери қызметшілерінің тұрақты түрде жүргізуге және қолдауға тырысып бағатын қайырымдылық жұмыстың бөлігі болып табылады. 

Бүгінде әскерилердің қамқорлығымен әскери қызметшілер шама-шарықтары келгенше көмек көрсетіп жүрген ҚР ҚК-нің әрбір әскери бөліміне қарттар үйі, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері бекітіліп берілген.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"