Балаларға бақыт сыйлады

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің командирі подполковник Серік Әділбекұлы Рамазанов бастаған әскерилер Семей қаласындағы бөбектер үйінің тәрбиеленушілерін жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

    «Бөбектер үйінің» директоры Ербол Ибраимов әскерилермен емен-жарқын әңгімелесті. Бұл мекемеге көпшілік жағдайда тастандыларды сауна мен қонақ үйлердің әкімшілері, жезөкшелікті кәсіп еткен қыз-келіншектердің таныстары тапсырады. Араққа әуестігін қоймай, жыл сайын тапқан баласын өткізетіндер де бар. Бедеулік пен белсіздіктің дертіне ұшырап, сәби сұрап келетіндер өте көп.

Мекеме басшысы елімізде ғана емес, бүкіл әлемде әрбір төртінші отбасы бала сүю бақытынан шет қалып отырғанын айтты. Әскери киім кигендерді бүлдіршіндер де қуана қарсы алды. Оларға қажетті киім-кешектер таратылды. Ал, бөлім әскерилерінің балалары гарнизондық офицерлер үйі мен Абай атындағы қазақ саз драма театрындағы жаңа жылдық шыршаға қатысып, ертегі тамашалады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Концерн «Калашников» презентовал новое умное ружье

Концерн «Калашников» презентовал новое умное ружье

Sako TRG M10

Sako TRG M10