Құрметті демалысқа шығарып салды

Құрметті демалысқа шығарып салды

   Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағы әскери полиция бөлімінің сержанты прапорщик Алмасбек Чектыбаевты құрметті демалысқа шығарып салды.

   Алмасбек Чектыбаев жедел әскери қызметін Куриль аралдарының құрамындағы ең үлкен Итуруп аралында 1988-1990 жылдар аралығында өткерді. Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағына 2000-шы жылдың ақпан айында келді. Ол патрульдік топтың есептоп бастығы, қамтамасыз ету ротасының старшинасы, гауптвахта ауысымының бастығы, бөлім сержанты лауазымын атқарды. Кәсіби шеберлікте жетістіктерге жетіп қана қоймай, өмірлік жары Қарлығаш екеуі алтын асықтай екі ұлды тәрбиеледі. Тұңғышы Нұрбек әке жолын қуған, ішкі істер қызметінде. Кішісі Нұржан – самбо күресінен спорт шебері, биыл орта мектепті тәмамдайды.

   Әріптесті құрметті демалысқа шығарып салу шарасында әскери қызметшіні жасақтың Құрмет кітабына енгізу туралы жасақ бастығының бұйрығы жеке құрамға таныстырылып, марапаттау рәсімі өтті. Алмасбек Төлеубайұлына мақтау грамотасы, естелікке сыйлық та тарту етілді.  
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи