«Шығыс» ӨңҚ әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесті

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44793 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының бірқатар ардагерлерімен жүздесті.

 Әскерилер екінші дүниежүзілік соғыстың тірі куәгерлері Александр Гаврилович Атавиннің, Валентина Михайловна Кораблеваның, Василий Степанович Кротковскийдің, Федор Павлович Санаровтың шаңырағында болды. Тәрбие бөлімінің аға офицері майор Мұрат Фатхуллин, әйелдер кеңесінің мүшелері аға сержант Гүлмира Теребаева, қатардағы Индира Мұқанова Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тұрмыс-тіршілігін өз көздерімен көрді. 

Отбасы мүшелерімен әңгімелесіп, үй ішіндегі хал-ахуалды сұрап білді. Мазалайтын мәселелерге де зер салды. Қарт жауынгерлер Отанын қорғау жолында жанын пида еткен қарулас жолдастарын еске алып, отты жылдар туралы әңгімеледі. Байланысшылар ардагерлерге жаңа жылдық сыйлықтарын да тарту етіп, естелік үшін суретке түсті. 


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"