Батыр мерейтойына бағышталды

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің құрамындағы 06708 әскери бөлімі қызметшілерінің қатысуымен Кеңес одағының Батыры, Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 105 жыл толуына орай Приозерск қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасының оқу залында оқушылармен әскери-патриоттық ерлік сабағы өтті.

«Батырлық ерліктің үлгісі» тақырыбында ұйымдастырылған шараның мақсаты өскелең ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру болғандықтан, білім нәрімен сусындап жүрген оқушылар алдында халық батыры деген атқа лайық Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында майдан даласындағы қан төгіс шабуыл кездеріндегі түрлі айла-әдістерімен талайдың таңдайын қақтырған, қол бастаған ерлікті жолына баса назар аударылды.

Батыр Бауыржан Момышұлы көзі тірісінде өзі туралы былай деген екен:

«Қадірін білмеппіз тірі кезде»,

Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.

Ұрпақ атап сексен мен жүздігімді,

Тарихтың түпкірінен сөз келгенде.

Қандай көрегендік десеңізші! Есімін мақтан тұтып, ерлігін үлгі етер ұрпағы бүгінде ержүрек қолбасшының жүз бес жасқа толуын атап өтуде. Қазақтың қайсар ері Бауыржан Момышұлының өмірлік ерлік жолына арналған сабақты білім ордасындағы кітапхана меңгерушісі К.Мантаева ашып берді. Бір ортаға бас қосқан оқушылардың алдына шығып сөз сөйлеген 06708 әскери бөлімі мемлекеттік-құқықтық даярлығының аға офицері міндетін уақытша атқарушы, капитан Қ.Айтымбетов даңқты қолбасшының өмірбаянынан бастап, ерлік жолын, әсіресе, сұрапыл соғыс жылдарындағы қайсарлықтары мен ержүректігін кеңінен әңгімеледі.

Мен бір жан өмірінің өзі дастан,

Ыстық, суық ғұламнан көзін ашқан.

Көктемдей құбылмалы мінезім бар,

Мейлің күл, мейлің илан, мейлің жасқан.

Өзінің қатал мінезін де жыр жолдарымен жеткізе білген батыр Бауыржан ұрыс даласында сол қасиетін бекем ұстай білді. Жауынан тайсалмастан бір сәтке де шегінбеді. Осы мінезінен қайтпаған қолбасшының жалпы саны 207 рет жорыққа аттанып, өзінің жауынгерлерін 27 рет шабуылға бастап шығып, 5 рет жау қоршауын бұзуының өзі еріксіз таңдай қақтырады. Бауыржан Момышұлының ерлігі «алты қырдан асып жығылады» десек, артық айтпағандығымыз болар еді.

Баһадүр бабамыздың туғанына 105 жыл толуына арналған ерлік сабағы батырдың кейінгі ұрпағына қалдырған өсиетімен қорытындыланды. «Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын.

Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,

Арым бар, намысым бар жан тербеткен.

Қазақтың қарапайым бір ұлымын,

Жанымды арым үшін құрбан еткен.

Балаларыма, немере, шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Елді сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер!» деген қаһарман майдангер.

  Тілек Кенжебеков,

06708 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"