KADEX-2016: халықаралық көрменің кезекті қадамы

Қазақстан Қарулы Күштері өзімізде өндірілген әскери техника түрлерін одан әрі арттыра түсу мақсатында нақты жобаларды жүзеге асырып келеді. Тек өндіріп қана қоймай, оны әскер тектерінде пайдалану және өзге мемлекеттердің назарына паш ету секілді үрдістер де жыл санап жанданып отыр. Бұған бірден-бір мысал ретінде араға екі жыл салып елордамыз Астанада өтіп келе жатқан KADEX қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесін айтуға болады.

Аталмыш көрме Астанада алғаш «KADEX-2010» деген атаумен салтанат құрған болатын. Бұл шараға әлемнің 20 елінен әскери техника мен қару-жарақ өндірушілер қатысты. Солардың қатарында Қазақстанның да төл өнімдері бар. Ал, екі жылдан соң елордамызда «KADEX-2012» ІІ Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі өз шымылдығын ашты. Онда отандық өнімдер ретінде Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, Арнайы мақсаттағы құралдар мен мүліктер, «ІТ-технологиялар, байланыс жүйесі, Әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету құралдары және Авиация және авиациялық қару-жарақ түрлері көрмеге қойылды. Ал, ашық алаңға Т-72 және Т-72Б танкілері, БМП-2 жаяу әскер жауынгерлік машинасы, «Кобра», «Тигр», «Хаммер» дөңгелекті жауынгерлік машиналары және «КамАЗ» модификациясының түрлі автокөліктері орналастырылды. Авиациялық техника ішінен Су-27УБМ, МиГ-31 ұшақтары, Ми-17В5, ЕС-145, Ми-26 тікұшақтары, С-300 зенитті-зымыранды кешені және басқа техника экспозицияға шығарылды.

Әскери техника түрлеріне арналған келесі халықаралық көрме 2014 жылдың мамыр айында өтті. Оған 28 мемлекеттен  әскери техника мен қару-жарақ шығаратын 208 компания, сондай-ақ 54 ресми делегация қатысқан болатын. Алты көрме павильоны мен ашық алаңдарда бес тақырыптық бағыт бойынша қару-жарақ пен техниканың 300-ден астам үлгісі қойылды. Көрмеде 92 қазақстандық кәсіпорын әскери мақсаттағы өнімдерін ұсынды. Бұл жолғы «KADEX» көрмесіне алғаш рет «Боинг», «Сикорский», «Дженерал Атомикс» сияқты көшбасшы компаниялар да өз өнімдерін ұсынған еді.

Биыл Астанада «KADEX-2016», яғни қару-жарақ пен әскери техника мүліктерінің ІV Халықаралық көрмесі өтеді. Жаз мезгіліне қарай жоспарланған аталмыш көрме отандық әскери өнімдерді әлемге танытуда қолайлы мүмкіндіктер туғызбақ. Бұл іс-шарада ең басты көзделетін мәселе электрондық және электронды оптикалық жүйелерді, байланыс және басқару жүйелерін, желілік шешімдерді жетілдіру болып табылады. Атап айтсақ, әскерлерді басқару кешендері мен қару-жарақтар, жоғары дәлдегіш қарулардан қорғау құрылымы, авиациялық техника, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары мен құрылғылары, оптикалық-электрондық құрылғылар қолданыста үлкен қызығушылық тудырып отырған техникалар.

Халықаралық шара қорғаныс өнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындарды жетілдіріп, жоғарғы технологиялық өнімдерді шығаруға қабілетті ғылыми саладағы өндірістерді дамытады. Себебі, әскерлерді қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техника үлгілерімен, барлау және байланыс құралдарымен кешенді түрде қайта жабдықтау және жарақтандыру елдегі қорғаныс қабілетін қамтамасыз ететін негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Бүгінде Аэроұтқыр әскерлері, Әскери-әуе күштері, Арнайы операциялар, барлау және байланыс күштеріне қарасты құралымдар мен әскери бөлімдерге ерекше көңіл бөлінуде. Оның ішінде Құрлық әскерлері үшін «БМПТ» танктерді қолдау жауынгерлік көлігі, түріктің «Кобра» машинасы және БТР-82А брондытранспортерлер сатып алынды. Ал Әскери-әуе күштері үшін С-295 және Су-30СМ көп функционалды жойғыш әскери-көлік ұшақтары әкелінді.

«KADEX-2016» көрмесі әлемдегі үздік қорғаныс өнеркәсібі бар компаниялар үшін кәсіби сұқбат алаңына айналмақ. Әсіресе, бұл көрме отандық әскери саладағы тың идеялардың туындауына, сонымен қатар әскери-техникалық ынтымақтастықтың нығаюына игі ықпал ететіні анық.
Шынында да, бұл жолғы халықаралық көрме халық қалауын дөп басқалы тұр. Ауқымды шара аясында «ХХІ ғасыр әскерінің техникалық даму мәселелері және перспективалары» деген тақырыпта әскери-ғылыми техникалық халықаралық конференция өтетін болады. Оған отандық және шетелдік әскери мамандармен қатар, қару-жарақ пен әскери техника саласындағы ғылым мен білім беру мекемелерінің ғалымдары қатыспақ. Ал, айтулы шараның былайғы ел-жұртқа тартымды болу жағын да Қорғаныс министрлігі жан-жақты қарастырып отыр. Яғни, ерекше әскери-мәдени шаралар ел назарына ұсынылмақ.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"