Өткен жылды қорытындылады

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 44736 әскери бөлімінің  әйелдер кеңесі өткен жылды қорытындылады.

Әйелдер кеңесінің қорытынды мәжілісін әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Ерлан Серікұлы Нұралин өткізді. Ол әйелдер кеңесінің құрамын түгендеп, жылдық есебін тыңдады. Қамқорлыққа алынған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, енді шаңырақ көтерген, сәбилі болған және баласы көп әскерилерге, әсіресе екінші деңгейдегі банктерден несие алғандарға, борышкерлерге, өзге де ерекше қиындықтары бар әскери қызметшілерге қолдау көрсетуде белсенділік танытқан кеңес мүшелерін атап өтті.

Әйелдер кеңесінің жұмысын қазіргі заманның ыңғайына, талабы мен талғамына қарай жүргізуге күш салған қыз-келіншектерге де алғысын айтты. Капитан Торғын Сүбебаева, старшина Әсем Жарқымбаева, аға сержант Бақытгүл Закирова, сержант Юлия Лобанова, кіші сержант Гүлфат Рафикова, сержант Наташа Боязитова, ефрейтор Әсел Абдилова, ефрейтор Дана Дақыбаева, ҚР ҚК қызметкері Гүлзия Телеспаева жаңа жылдық сыйлық алды. Мәжілістің соңында жаңа оқу жылына бекітілген іс-шаралар да пысықталды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"