Жауынгерлік корабльдер теңізге шығады

Қазақстанның әскери теңізшілері Әскери-теңіз күштерінің корабльдерін теңізге шығару және оны ұрысқа дайындауға кірісіп кетті. Жеке құрамның бұл сабақтары өздерінің меңгеруі мен жауынгерлік бекеті аясында экипажға іс жүзінде корабльдің, қару мен техникалық құралдардың құрылысы туралы білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.

Кеменің теңізге шығуы Әскери-теңіз күштерінің қызметінде маңызды кезең болып табылады. Себебі, жауынгерлік әскери кеменің экипажына күнделікті пайдалану мен корабльді қызметті шебер ұйымдастыру қажет. ӘТК-нің әскери қызметшілері корабльді баптап ұстау, қару мен техникалық құралдарды пайдалану, сондай-ақ тұрақта қару мен техникалық құралдарды жауынгерлік қолдануды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды пысықтайды. Әскери теңізшілер корабльді, жауынгерлік бөлімді, бөлімшені жауынгерлік  қолдану және басқаруға ұдайы әзірлікте болады. Ал қажет болған жағдайда олар қорғаныстың барлық түрлерін ұйымдастырып, сондай-ақ корабльдің жандылығын қамтамасыз ете алады.

Дайындық, теңізге шығу, жорықтар – мұның барлығы ҚР ҚК Әскери-теңіз  күштерінің әрбір жауынгерлік кораблінің экипажы ұдайы негізде орындайтын Каспийдің қазақстандық су айдынында қолайлы жедел ахуалды ұстап тұру жөнінде ұдайы жауынгерлік әзірлік пен тапсырмаларды орындау үшін жасалады. 2016 жылы Қазақстанның Әскери-теңіз күштері әскер түрі ретінде өздерінің жауынгерлік қабілеттілігін сапалы түрде арттыруды жоспарлап отырғанын айта кеткен жөн. Бұған су жаңа мина-тартқыш кораблінің арқасында қол жеткізіледі. Ол осы жылы жарақтандырылуға келіп түседі және бүгінде заманауи зымыран-артиллериялық корабльдерге, шағын күзет кемелері және катерлерге ие еліміздің Әскери-теңіз күштерінің арсеналын толықтырады.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"