ҚР Қарулы Күштерінің тәрбиеші офицерлері марапатталды

Әскери қызметшілермен жұмыс жасауда жауынгерлік пен моральдық рухқа негізгі басымдық берілітіні анық. Армия маңызды рөл тәрбиеші офицерлерге жүктелген. Олардың міндеті – сарбаздарды нағыз әскери қызметші етіп тәрбиелеу. Бүгінде Қазақстан Қарулы Күштері тәрбиешілерінің институты өзінің құрылу күнін атап өтуде.

 Осыдан 23 жыл бұрын 19-қаңтар күні Жоғарғы Бас Қолбасшы – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен елімізде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарлары институты құрылды. Атаулы датаға орай Астана қаласындағы жуырда ғана ашылған Ұлттық әскери-патриоттық орталығында салтанатты жиын өтті.

Басқосуда ҚР Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Таласов сөз сөйлеп, әскери қызметшілерді Қорғаныс министрінің атынан құттықтады. «Әскерилерде тәрбие жұмыстарын жақсарту, әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, әскери қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерін қорғау үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында құрылған тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар органдары нағыз керекті әскери басқару институтына айналды. Бас штабтағы әскери бөлімдердің командирлері мен тәрбиеші офицерлер біріге жұмыс істеп, заңдардың орындалуына, моральдық-психологиялық қолдау білдіруге, отансүйгіштік патриотизмді нығайтуға барынша күш салуда.

Өткен жылы желтоқсан айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездескенінде Қарулы Күштердің ілгерілеуіне оң бағасын берген болатын. Мұнда да тәрбиеші әскери қызметшілердің еңбегі орасан екенін айтқан жөн. Олар «Адам жанының инженері» деген қанатты сөзге қашан да лайық деп білемін. Тәрбиеші офицерлердің қорғаныс саласындағы ұжымды жоғары принципшілдікке, үлкен еңбекқорлыққа, жауапкершілік пен ерік-жігерді сергітуге баулығанына тек алғыс айтуға тиіспіз» деді генерал-майор. М.Таласов, сонымен қатар, осындай сүбелі жұмыстарды, дәстүрді қалыптастыруға тер төккен, күш салған отставкадағы генерал-майорлар – А.Есенғұловқа, М.Нагумановқа, полковниктер – М.Шампиевке, Б.Назировқа, А.Ыбыраевқа, В.Тимошенковке, БДүйсенбаевқа, К.Мамсуровке және басқа да офицерлерге айрықша қошемет білдірді.

Шара барысында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың бұйрығымен бірқатар әскери қызметшілер Құрмет грамотасымен марапатталып, алғыс білдірілді.

Тәрбиеші офицерлерге арналған салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты. 
Полковник Жұмабек Хасенов, ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары:

– 2015 жыл сәтті болды, біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай Құрлық әскерлерінде, Қазақ хандығының 550 жылдығы шеңберінде көптеген ірі ауқымдағы іс-шаралар және 60-тан аса флешмоб өткіздік. Мақсатымыз – әскери қызметшілерге патриоттық тәрбие беру, оқу-жауынгерлік тапсмырмаларды сапалы орындау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, жоғары моральдық рух, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

 

Капитан Серік Борамбаев, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары:

– Қазіргі уақытта тәрбиешілердің рөлі арта түсуде. Әскери-теңіз күштерінде тәрбиешілердің штаты осындағы басқармалардағы жоғары буыннан бастап бөлімшелердегі төменгі буындармен аяқтай отырып, толық жасақталған. Осы жылдан бастап жұмысымызға жауынгерлік кезекшілікті қамтамасыз ету қосылды. Себебі, әскери теңізшілер жерден, өздерінің отбасыларынан ұзақ жырақта жүреді Онымен қоса әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жасау бойынша міндеттер. Олар жағада қалып қояды және осы уақыт ішінде олардың шешуді қажет ететін әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де мәселелер туындайды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"