Әзірлік жан-жақты пысықталды

Өткен аптада «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 28738 әскери бөлімінде артиллериялық құрылымдар мамандарының жеке дайындығы өтіп, 44736 әскери бөлімінде барлау взводтары (топтары) командирлерінің командирлік әзірлігі жөнінде жиын басталды. Ал, ҚР ҚМ Бас инспекциясының бастығы генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Қаражанов төрағалық еткен комиссия Үшарал гарнизонындағы 40398 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындығын тексерді.

Жеке дайындық

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 10810 және 28738 әскери бөлімдерінде 2014 оқу жылында әскердің жауынгерлік әзірлігінің жаңа бағдарламасы қолға алынған болатын. Жаңа бағдарламаның артықшылығы сол, ол үш кезеңге бөлініп, үш кезеңге үш бөлімше қамтылады. Әр кезеңге 4 айдан уақыт бөлінеді. Бірінші кезең – жауынгерлікке дайындалу кезеңі, екінші кезең – жауынгерлікке міндеттерді орындауға дайын болу кезеңі, үшінші кезең – жауынгерлік әзірлік кезеңі. Алғашқы екі кезеңде әскери қызметшілердің білімі мен біліктілігін арттыруға барынша күш салынады. Бұл кезеңдерде өткізілетін сабақтарға әскерилердің төрт көзі түгел қатысуы тиіс. Екіншіден, жаңа жүйе бойынша циклдік жұмыс жүргізіледі. Яғни, жаңа бағдарламаның кезеңдері қайталанған сайын, жеке құрамның жауынгерлік әзірлігінің деңгейі де қарқынды дами түседі. Мәселен, есеп топтың, взводтың, батареяның жауынгерлік дайындығы өтіп, ол батареяның тактикалық жаттығуымен аяқталады. Дәл осы жаңа бағдарламаның аясында 28738 әскери бөлімінде басталған артиллериялық құрылымдар мамандарының жеке дайындығында дәрістер оқылды. Әскерилерге артиллериялық құрылымдардың жауынгерлік ауызбіршілігін арттыру мен жеке құрамның далалық жағдайдағы жауынгерлік қимылын жетілдіру, жауынгерлік атысқа қажетті техника мен қару-жарақтың техникалық жағдайы, мүмкіндіктері, сақтау мен қолдану тәртібі, қауіпсіздік шаралары жан-жақты түсіндірілді. Дәріске маман-барлаушы аға сержант Дархан Түндеханов, есептеуші 1-ші сынып сержанты Ербол Жамбаев, топогеодезист кіші сержант Жандос Серікболов, қару командирі сержант Мақсат Бағдатов, жауынгерлік машина командирі сержант Кенжебек Ақтайлақов, әдіскер капитан Нариман Әбдрешев секілді өткен жылдың үздік мамандары да қатысып жатыр. Бұл сынақ тапсыру барысында дәріс алушы үшін де, дәріс беруші үшін де маңызды. Жауынгерлік әзірлікті одан әрі жақсартуға арналған сабақтар мен тақырыптарға нақты уақыт бөлінген. Мысалы, есеп топқа үш апта, взводқа төрт апта, батареяға төрт апта беріліп отыр. Нағыз кәсіби мамандардың дайындығы жауынгерлік әзірліктің жоспарына сәйкес, ақпанның 5-іне дейін жалғасады.

Командирлер жиыны

44736 әскери бөлімінің барлау взводтары (топтары) командирлерінің жиыны әр түрлі жауынгерлік қимыл кезінде, әр түрлі мекенде, әр түрлі жағдайда барлауды жүргізудің амалдары мен тәсілдерін офицерлік құрамға үйретуді мақсат етеді. Ұрыста бөлімшенің құрамын үздіксіз басқаруда, барлауды ұйымдастыру мен жүргізуде командирлердің шеберлігін шыңдауды да көздейді. Жиынның барысында барлаушыларға тактикалық, тактикалы-арнайы дайындық, арнайы дайындық, әдістемелік дайындық, бөлімшенің күнделікті қызметін басқару, әскери топография, әскери педагогика мен психология, халықаралық гуманитарлық құқық, әскери-медициналық дайындық бойынша дәрістер оқытылады. Дәрістерді аға лейтенант Н.Әлиев, майор М.Дүйсенов, капитан Д.Жүнісбеков, капитан К.Секербаев, капитан И.Назаренко, капитан А.Шелухин, майор Д.Мырзалы, майор Р.Симанбаев, капитан А.Әкішев, капитан К.Секербаев, капитан Р.Увалиев, майор Т.Сәдуақасов, аға лейтенант С.Козяйчев жүргізеді. Сондай-ақ, БМП әскери машинасынан, БТР бронетранспортерінен, БРДМ және БРМ-1К жауынгерлік барлау машиналарынан тәжірибелік ату жаттығулары да жүзеге асырылады. Барлау взводтары (топтары) командирлерінің командирлік әзірлігі жөнінде жиынға бөлім командирінің жауынгерлік және арнайы дайындық жөніндегі орынбасары майор Василий Подгайченко жетекшілік етеді.

44736 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік және арнайы дайындық жөніндегі орынбасары майор Василий Подгайченко:

«Бүгінгі күні ұрыс тактикасы, нақтырақ айтқанда соғыс стратегиясы мүлдем өзгерді. Лаңкестік әрекетке қарсы заманның талабына сай түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп, үйреніп, оны іс жүзінде қолдана білуіміз де керек. Осындай жиындар жауынгерлік дайындықты күшейтуге, барлаушылардың кәсіби шеберлігін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. Взвод командирлері дұрыс тактикалық әрекеттерге, ұрыста қару-жарақ пен әскери техниканы тиімді пайдалануға, әрі атысты басқарудың біліктілігіне үйретіледі».

 Дайындық тексерілді

   Үшарал гарнизонындағы 40398 әскери бөлімінің жеке құрамы жауынгерлік дабылмен көтерілді. Комиссия мүшелері жеке құрамның жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің деңгейіне көз жеткізді. «Ізенді» оқу полигонында да болды. Бұл жерде атыс дайындығы бойынша танк батальонының және 2-ші мототақыштар батальонының жеке құрамы бақылау ату жаттығуларын орындады. Ал, 1-ші мототақыштар батальонының жеке құрамы жаяу әскердің ұрыс машинасын жүргізіп, тәжірибелік қимылды жүзеге асырды. Әскери бөлімнің жеке құрамы дене дайындығы бойынша, әрі жауынгерлік сабақ түрлерінен де сынақ тапсырды. ҚР ҚМ Бас инспекциясының бастығы генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Қаражанов төрағалық еткен комиссия Аягөз және Семей гарнизондарындағы бірқатар әскери бөлімдердің де жауынгерлік дайындығын тексеріп, өз бағасын береді.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"