Біздің таңдауымыз – «Мәңгілік Ел»

Жуырда «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 және 18405 әскери бөлімдерінің жеке құрамына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты кезекті Жолдауы мен Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол»  атты мақаласы терең мағынада түсіндіріліп жеткізілді.

Әскери қызметшілер мен ҚР ҚК азаматтық персоналдары алдында сөз алған «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Қ.Дайров Елбасы Жолдауының өзектілігіне тоқталды. «Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтетін боламыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған маңызды міндеттері мен жоспарланған ауқымды жұмыстарды жүзеге асыру тапсырмасы күтіп тұр. Еліміздің Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алға қойған тапсырмаларын бұлжытпай орындап шығуға мүмкіндіктеріміз мол. Сондықтан, Елбасы Жолдауын жүзеге асыру үшін сіздерді Отан алдындағы мінсіз қызметте адал болып, жауынгерлік даярлықта көздеген мақсаттарыңызға жете берулеріңізге сәттілік тілеймін!» - деді полковник мырза. Сондай-ақ, ол «Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді таразылап, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. «Біріміз - бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз» – деді.

    Келесі кезекте мінберге көтерілген «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері тәрбие жіне әлеуметтік-құқықтық жұмыстары бөлімінің идеология және арнайы насихат жұмыстарының аға офицері подполковник Қ.Дарманқұлов жеке құрамға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласына кең талдау жасады.

«Елбасы мақалада қазақстандық арманға апарар жолдың негізгі бағыттарын ғана емес, бес институттық реформаны жүзеге асырудың басты тетіктерін де нақтылап берді» деп сөзін бастаған ол өз сөзін «Ел дамуының «Қазақстан – 2050» Стратегиясында көрсетілген Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатының орындалуы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан бастау алады» деп жалғады.

Сондай-ақ, бұл басқосуға қатысушылар  тарапынан да сүбелі сөздер айтылып, өзекті ойлар ортағы салынды.

Тілек Алшымбекұлы

06708 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"