Үшарал гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерінде дәрістер өткізді

18-27 қаңтар күндері аралығында  Үшарал гарнизонында орналасқан 40398, 01852, 75565 және 31767-Д әскери бөлімдерінің жеке құрамымен әскери қызметке шықпау мен бөлімді өз бетімен тастап кетудің алдын алуға арналған дәрістер өткізілді.

Онкүндік іс шаралар өткізу кезінде барлық санаттағы әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстерінде бөлімді өз бетімен тастап кеткен жағдайда қолданылатын жауапкершіліктер түсіндірілді.

Сондай-ақ, күнделікті әскери бөлімдерде өтетін таңғы таралымында әскери қызметкерлердің бар-жоғы тексеріліп, әскери бөлім командирлерінің тәрбие және идеология жұмыстары жөніндегі орынбасарларының қатысуымен дөңгелек үстел жиыны өткізілді. Жиында әскери қызметшілерге 2015 жылы әскери қызметкерлер тарапынан осы бағытта орын алған оқиғалар туралы мәліметтер айтылып, оның себептері мен салдары зерделенді. Аталған мәселеге қатысты әскери полиция мамандары соттардың үкімдерін жеткізіп және баптарға жан-жақты тоқталды. 

                                                                           

Қатардағы  А.ҚОЙШЫБАЕВ,

                                                 Үшарал гарнизоны Әскери полиция бөлімі 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"