Армияда мерзімді сарбаздарға жаңа кәсіпті меңгеруді үйретеді

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері 44841 әскери бөлімінің оқу-жаттығу орталығында кіші мамандардың курстық даярлығы өтуде. Аталмыш курс 2016 жылдың басында басталды және осы жылғы сәуірдің соңына дейін жалғасады.

Бұл уақыт аралығында мерзімді қызметтегі 200-ден аса әскери қызметшіні оқытып-үйрету жоспарлануда. Болашақ мамандарды Әскери-әуе күштерінің, ӘШҚҚ әскерлері мен байланыс әскерлерінің әскери бөлімдері үшін дайындауда. Мерзімді сарбаздар дизельші, электр орнатушы, радиолокациялық станция операторы, әуе нысаналарын қолмен сүйемелдеу операторы сияқты кәсіпті меңгереді, авиациялық қару-жарақтың, радиоэлектрондық жабдықтың, зениттік-зымырандық және радиотехникалық әскерлер мамандықтарын зерделейді.  Жарты жыл ішінде курсанттарға жалпы пәндер, яғни, дене даярлығы, жалпыәскери жарғылар, функционалдық міндеттерді білуі және әскери педагогика пәні бойынша сынақтар тапсыруға тура келеді.  

Ал, оқу аяқталысымен оқу-жаттығу орталықтарының кіші мамандары өздігінен және ауысым құрамында жауынгерлік кезекшілікті қамтамасыз ету, қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындай алады, сондай-ақ оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда 44841 әскери бөлімінде оқу үшін жақсы оқу-материалдық база, мамандандырылған сыныптар, қару-жарақтың, техниканың тораптары мен агрегаттарының сұлбалары бар.  ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасында атап өткендей, өткізіліп жатқан іс-шаралар әскерлердің кіші мамандардағы қажеттілігін толыққанды қанағаттандыру үшін тұтастай жағдай жасауға бағытталған. Жауынгерлік оқудағы және қызметтегі жетістіктерімен болашақ мамандар еліміздің қорғаныс қабілеттілігін нығайту жолындағы ортақ істе сүбелі үлес қосатын болады.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"