Кезекті кенеттен тексеріс жауынгерлердің іс-әрекет үйлесімділігін шыңдады

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов арнайы мақсаттағы жауынгерлердің жасағына кенеттен тексеріс жүргізді. Дәлірек айтсақ, 3 ақпанда кенеттен тексеру шеңберінде «Оңтүстік» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының арнайы мақсаттағы жасақтары жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді.

Дабыл белгісі бойынша әскери қызметшілер жауынгерлік есептопқа сәйкес іс-шараларды орындады. Әскери-көліктік авиация және автомобильдік техника тартыла отырып, жауынгерлік әзірлік аудандарына арнайы мақсаттағы бөлімшелерді бір жерден екінші жерге алмастыру жүзеге асырылды. Кенеттен тексерудің басты мақсаты белгіленген мерзімде қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде арнайы мақсаттағы бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесімін бағалау болып табылады. 

Бүгінгі таңда жауынгерлік әзірлікті тосыннан тексеру Қарулы Күштердің шынайы жауынгерлік әзірлігін айқындаудың пәрменді әрі ұтымды тәсілі болып қалуда. Мұндай тексеру кезінде бөлімшелердегі іс-қимылдардың үйлесуі, әр жауынгердің берілген тапсырманы шебер орындауы, басқаруды ұйымдастыру, әскер түрлері мен тектері арасындағы өзара түсіністік іс-әрекет мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. 
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"