Әскери билетті қалай алуға болады?

Әскери билет азаматтың басқа да негізгі құжаты сияқты маңызды құжат болып табылады (жеке куәлік, паспорт). Оның болуы немесе болмауы келешектегі өміріне маңызды ықпал етуі мүмкін. Әскери билет – әскери қызметті атқаруда, сондай-ақ әскери міндеттен босатқан жағдайда немесе запасқа қабылдағанда азаматқа берілетін құжат.

 Алдымен тіркеу куәлігін алу керек

Жыл сайын біздің елімізде 18 жасқа толған барлық бозбалаларды әскери есепке алу жүргізіледі. Әскери есепке алу мемлекеттің қазақстандық әскердің қатарын бозбалалардың қанша санымен толықтыру мүмкін екендігі туралы түсінігі болу мақсатында жүргізіледі. 18 жасқа толған және әскери есепте тұратын (әскери есепке 18 ден 27 жас аралығындағы азаматтар жатады) және әскери есепте тұратын ҚР азаматтары әскерге шақырылушылар болып табылады. Әскери есепке қабылдау және есептен шығаруда әскерге шақырылушыларға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлік беріледі.

Тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда әскери міндеттілер 7 жұмыс күні ішінде келу орны бойынша ХҚКО-на әскери есепке қою туралы өтінішпен баруға міндетті. Әскери тіркеу куәлігін әдетте тіркеу куәлігі деп атайды. Тіркеу куәлігінде мыналар көрсетіледі:

- әскерге шақырылушының жеке мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және айы);

- медициналық комиссиядан өту нәтижелері (әскери қызметке жарамды/жарамсыз).

Әскери-дәрігерлік сараптама ережелері және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы қағидаларға сәйкес, тексеруге (емдеуге) мұқтаж шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын азаматтар қорғаныс істері басқармаларымен 2 тізімде ескеріледі:

1 тізімде – әскери қызметке уақытша жарамсыздар;

2 тізімде – кішігірім шектеулермен әскери қызметке жарамдылар.

Көрсетілген тізімдер тіркеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей шақырылушының тіркелу орны бойынша жіберіледі.

Тіркеу куәлігі – шақыру учаскесіне тіркелген әскерге шақырылушының әскери есепте тұратындығының дәлелі болып табылатын құжат. "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" ҚР Үкіметі Қаулысының 11-тармағына сәйкес, тіркеу жылында 17 жасқа толған азаматтар, жыл сайын қаңтардан наурызға дейін шақыру учаскелеріне тіркеледі. Бұл азаматтарды әскери есепке қабылдау, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау, жалпы білім беретін, алынған мамандық және дене дайындығының деңгейін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу тұрғылықты мекенжайы немесе уақытша болу орны бойынша жүргізіледі.

Әскери комитет тіркеу куәлігін жазып, ол шақырылушыға беріледі. Тіркеу куәлігін алу үшін әскери комитетке мыналарды ұсыну қажет:

1) жеке куәліктің  көшірмесін;

2) мекенжай анықтамасын немесе азаматтарды тіркеу кітабының нотариалды расталған көшірмесін;

3) фото 3х4 (2 дана.).

Тіркеу куәлігін беру 10 минуттан артық уақытты алмайды.

Аталмыш құжатты әскери комитет азаматтың медициналық комиссиядан өтуі және әскери есепке қойылуы кезінде беріледі. Азаматты әскери есептен алғаннан кейін және ХҚКО арқылы әскери билетті алғаннан кейін тіркеу куәлігі қайта алынып, әскери комитетке жою үшін беріледі.

 Жоғалған тіркеу куәлігін қалай қалпына келтіреді?

Тіркеу куәлігін шақырылушы жоғалтқан жағдайда оған телнұсқасы беріледі. Телнұсқаны беру жоғалту себебін көрсетумен шақырылушының жазбаша келісімі бойынша ХҚКО арқылы әскери комитеттің бастығының шешімі бойынша жүргізіледі.

Мұнда толтырылған өтінішке (өтініш үлгісі) мына анықтамаларды қоса беру қажет:

- Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарынан құжаттарды ұрлау айғағы анықталғанда;

- Өртке қарсы мемлекеттік қызметтің аумақтық органдарынан өрттегі құжаттарды жою айғағы анықталғанда;

- Төтенше жағдайлар бойынша министрліктің аумақтық органдарынан табиғи апатта жоғалтқан жағдайда (құжаттарды жою).

 Әскери билетті алу жолдары

«Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес, бұл – оның әскери қызметке тиістілігін және әскери міндетке қатынасын анықтайтын азаматтың бірыңғай жеке мерзімсіз жеке есепке алу құжаты. Қазіргі уақытта әскери билет жұмысқа орналасуда ғана емес, сонымен қатар азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуде аса қажет.   

Әскери билетте мыналар көрсетіледі:

-         әскери қызметкердің жеке мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, тұратын орны, ұлты);

-         әскери бөлімнің атауы, лауазымы;

-         әскери бөлімге есепке алу және шығару күні;

-         әскери атағы және әскери шеннің сыныпталуы.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 31-бабына сәйкес әскери қызметке шақыруға 18-ден 27 жасқа дейінгі азаматтар жатады. Жеке іспен танысқан шақыру комиссиясы әскерге жарамдылығы туралы, азаматты әскери міндеттен босату немесе мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім шығарады. Егер шақыру комиссиясы әскери қызметке жіберсе, онда ол аяқталғаннан кейін сіз әскери билетті, азаматтың әскери қызметті атқару дәлелін растайтын құжатты алуға батыл бара аласыз.

Тіркеу кезінде «әскери есепті қоспағанда әскери қызметке жарамсыз» деп танылған және «әскери уақытта шектеулі жарамды, бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз деп танылған» адамдарға медициналық куәландырудан өткеннен кейін әскери басқарманың жергілікті органдарының (әскери комитеттер) шешімі негізінде белгіленген тәртіпте әскери билет беріледі.

Берілген әскери билет иесіне тапсырылу үшін ХҚКО жіберіледі.

ХҚКО-да әскери билетті алу үшін өтінішті толтыру (өтініш үлгісі) кез3нде мынадай құжаттар болуы қажет:

1) жеке ісі;

2) әскери басқарманың жергілікті органы (әскери комитеттерге) бастығының атына әскери бөлімнің командирінің сұраныс хаты;

3) әскери бөлім командирінің жеке құрамды тізімге алу туралы бұйрығынан көшірме;

4) білім туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;

5) жеке куәлік көшірмесі;

6) мекенжай анықтамасы;

7) фото 3х4 (2 дана).

Сұранысхатты азамат борышын өтеген әскери бөлімнің командирі тікелей қалыптастырады. Бұйрықтан көшірме әскери комиссиариатта жүргізіледі. Әскери билетті беру 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Әскери билетті беру туралы шақырылушының есепке алу картасында әскери билеттің сериясы мен нөмірін көрсетумен белгі жасалады, әскери комитеттің лауазымды тұлғасы қол қойып, елтаңбалық мөр3мен расталады. Есепке алу картасы растау құжаттарымен бірге жеке іске тігіледі және мұрағатқа сақтауға беріледі.

І және ІІ топтағы мүгедек азаматтар әскери учаскелерде тіркеуден өткенде облыстық шақыру комиссиясының шешімі және мүгедектікті растайтын құжаттардың нотариалды расталған көшірмелерін ұсынғанда «әскери міндетті емес» жазбасы бар әскери билет беріледі. Берілген әскери билет иесіне немесе оның жақын туыстарына ХҚКО оны беру туралы өтініш келіп түскенде жіберіледі.

2003 жылға дейінгі ескі үлгідегі әскери билеттерді жаңаға ауыстыру жүзеге асырылады. Егер сіздің әскери билетіңіз ескі үлгіде болса,  онда сізге әскери комиссиариатқа бару керек, сондай-ақ өзіңізбен бірге жеке куәлік, әскери билет және 3х4 өлшемді 2 фотосурет болуы керек.

Әскери есепке 18 ден 27 жасқа дейінгі аралықтағы бозбалалар жататындықтан, онда әскери билет те сәйкесінше дәл осы жаста алынуы тиіс. Алайда, егер сіз 27 жастан кейін әскери билет алсаңыз, онда Әкімшілік құқықбұзушылықтары туралы кодекске сәйкес 5 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл көзделеді.

Асхат РАЙҚҰЛ


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"