Ұлы Отан соғысында жоғалған қандастарымыз тұралы дерек табылды

Ұлы Отан соғысы адам баласына қайғы мен қасірет әкелді. Көптеген жас өрендер өмірден ерте ажал құшты. Сұм соғыстың салдарынан майданда іс-түзсіз жоғалып кеткен қандастарымыз қаншама? Солар жайлы ақпарат жинауды мақсат еткен еліміздің Қорғаныс министрлігі мен оған қарасты қорғаныс департаменттері көрші Ресей мемлекетімен байланыса отырып, іздестіру жұмыстарын жүргізген болатын. Оның нәтижесі де көңіл көншітерліктей.

Мәселен, Ресей Федерациясы Воронеж қаласының тұрғыны В.Марковец деген азамат 1943 жылдары қаңтар-ақпан айларында Ленинградты қорғауға қатысқан сарбаздар туралы деректер жинаған екен. Оның зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты тың деректер табылған. Оның арасында Қызылорда облысындағы Арал ауданының әскери комиссариаты арқылы шақырылған, кіші сержант Ахметов Құлқожа туралы мағлұматтар бар.

 Қорғаныс министрлігінен келген тың дерек бар құжат Ахметов Құлқожаның қарындасы, яғни Қызылорда қаласының тұрғыны Жаңыл Ахметоваға табыс етілді.

 

 

Ақерке Шағырбаева


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"