Сержанттар корпусына 20 жыл толды

1996 жылы Қарулы Күштер сапына кәсіби сержанттар даярлау мақсатында Елбасының Жарлығымен Шучье қаласында Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы құрылған болатын. Биыл сержанттар корпусына 20 жыл толуда. Осы уақыт аралығында қорғаныс саласындағы сержанттар институтының кең қанат жаюына бар күш жұмсалды. Бүгін сержанттар корпусының құрылуынан бүгінгі күнге дейін сержанттардың маңызы мен рөлін, атқарған қызметтері мен жеткен жетістіктерін сөз етпекпіз.

 Ең алдымен...

 2004 жылы  ҚР Қорғаныс министрлігі бас штаб комитетінде арнайы бөлім, яғни Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасы құрылды. Бүгінде басқарма ҚР ҚК Бас штабының бөлек құрылымы болып есептеледі.

Жалпы, сержанттар дегеніміз кімдер? Сержант – Қарулы Күштердің басқарма жүйесіндегі бастапқы буын, әскери бөлімдерде жауынгерлік шеберлікке өз ықпалы бар, саны жағынан басым жасақ. Мыңдаған сержанттарды кәсіби тұрғыда өрлеуіне жағдай жасап, олардың имиджін қалыптастыру үшін зор еңбектің жұмсалғаны сөзсіз. Сержанттардың қалыптасу жолы сол корпустың құрылуынан бастау алды. Қарулы Күштердің өзінше бір әлемі болған сержанттардың құжаттары түзіліп, әлеуметтік жағдайы, олардың қызметтік өсуі қаралды. Баяндалық.

Ең алдымен, сержанттардың құқықтық мәртебесі және сарбаз бен сержант арасындағы айырманы ажырату үшін арнайы мониторниг және заңнамалық негіз қайта қарастырылды.

Сержант құрамының мәртебесі беріліп, олардың оқуы мен тәрбиесі жөнінде анықтама жасалды. Сержант корпусы кіші, аға, жоғары құрамға бөлінді. Қызмет өтеуіне қарай сержант шенін беру уақыты белгіленді. Заңнамалық өзгерістерге байланысты сержанттық қызметтердің өсу мәртебесі бекітілді.

Құжаттар тізімі өңделіп, барлық әскери бөлімдерге жіберілді. Бұл өз кезегінде ескі қызмет құжаттарының қысқаруына әкелді.   Сержант құрамына көмек ретінде методикалық жәрдемақы құрастырылып және тәжірибеге енгізілген болатын.

 

 Үш деңгейлі сержанттық қызмет

 Сержанттық қызметтің үш деңгейі құрылды. Тактикалық, оперативтік және стратегиялық.

Тактикалық деңгейдегі сержанттардың міндетіне жеке оқыту және жеке құрамның тәрбиесі, олардың барлық жағынан қамтамасыз ету кірді.

Оперативтік деңгейдегі сержанттарға тактикалық буынның сарбаздары мен сержанттарын бақылауға және  келсімділік қызметін атқаруға, мәселені анықтау және Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары арқылы мәселенің шешу жолын қарастыру, әскер түрлерінің басшыларымен және өңірлік басшылықтармен, сержанттардың қызметіне методикалық және практикалық көмек көрсету міндеттелген.

 Стратегиялық деңгейдегі сержанттарға проблеманы саралау және сержант құрамы мен сарбаздардың негізгі даму бағытын жүзеге асыру, олардың қызметтік, кәсіби дайындықтарын және жалпы келісімділікті арттыру міндеті жүктелді.

Сержанттық құрамның үш деңгейлі бағытын құрудағы мақсат - логикалық мансаптың өсуіне және қызметке ынталандыру, үздіксіз бақылауда ұстауға, кез келген деңгейдегі басқармадағы офиицерлер мен сарбаздар арасындағы байланысты орнату болды. 

Сержанттар құрамы өсіп келеді

 Жыл сайын сержанттар құрамы саны өсіп келеді. Бүгінде Қарулы күштер сапының 14 пайызын сержанттар құрайды. 2013 жылы әскери тәжірибеге және дайындық деңгейіне байланысты алғаш рет сержанттық қызметке штабтық компоненттер енгізілді. Олар: сержанттық бөлім, қызмет, басқару.

Осылайша толық қызметтік өрлеу бағыты құрылды. Бұрындары келісімшарт бойынша келген әскерилердің қызметі роталық деңгеймен ғана аяқталатын. Мәселен, старшина немесе техник бөлімі қызметімен шектелетін. Бұлар сержанттардың ең жоғары қызметі болып есептелетін. Ал бүгінде кез-келген азамат Қазақстан Қарулы Күштер сапына қабылданса төменгі сатыдан командалық және штабтық бағытта Бас штаб қызметіне дейін көтерілуге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, кез келген деңгейдегі сержанттар офицерлердің бірінші көмекшісі және командир атынан жауап беруге, жеке құрамға жеткізуге құқылы.


Білім жағы 

Корпустан 1999 жылдан бері 2200-ге жуық сержант түлеп шықан екен. Бұдан бөлек, 2015 жылы 900-ден астам сержант түрлі курстарда білімін жетілдірген. Мысалы, бұл 2014 жылға қарағанда 13,5 пайызға көп екен. Мұндай курстық дайындықтан өткен сержанттар үшін  қызметтік өсуге мүмкіндік берілген. Сонымен қатар, нұсқаушылардың көмегімен әскери бөлімдердегі 6 мыңнан астам сержант оқытылды.

2009 жыл мен 2014 жыл аралығына ҚР ҚК сержанттық корпустың құрылу және даму кезеңінде  Ресей, Белорусия, Украина, Әзірбайджаннан келген әскери сарапшылар зерттеу жұмыстарын жүргізген. Әлі күнге дейін басқарма халықаралық деңгейдегі әскери әріптестік шеңберінде зерттеу жұмыстарын тоқтатқан емес.

Соңғы уақытта шетелдің  армия мектептерінде 220 сержант білім алды. 2015 жылы тәжірибе алмасу мақсатында 8 халықаралық шара өтті. Оның 5-еуі Қазақстан жерінде ұйымдастырылды. Биыл 13 сондай шара өтеді деп жоспарлануда.

Бұған қоса, ҚР ҚК Бас штаб Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасы үнемі сержанттар корпусын дамыту мақсатында жұмыстар атқаруда. Сержанттық құрамды дайындауда 2016-2018 жылдарға арналған 2015 жылдың 24-желтоқсанында бекітілген жоспары мынадай:

1.     Кадет корпусының жыл сайынғы түлектер санын ұлғайту;

2.     Кадет корпусында сержанттарды танк, артиллерия, әуе-десанттық және барлау әскері бойынша мамандарды дайындау. (Бүгінде тек мотоатқыштар әскерін ғана дайындайды);

3.     Қызметтік міндетінен қол үзбей жоғарғы білім бағдарламасы бойынша білім алуға мүмкіндік беру;

4.     Бригада сержанттарын оқытуды ұйымдастыру. Стратегилық, жедел стратегиялық, жедел тактикалық және жедел аумақтық  деңгейдегі жоғары қызметті жоспарлап, жоғарғы оқудан кейінгі бағдарлама бойынша оқыту.

5.     Әскер түрлері бойынша сержанттық құрамды модернизациялық жүйе бойынша  мамандандыру. Сонымен қатар, лидерлік қасиетті дамыту, жеке құрамды басқара білу әдістерін үйрету.

6.     Курс алдындағы сержанттық құрамның дайындық жүйесін қайта қарау. Қызметтік өсу мақсатында курсқа  жіберілген кандидаттарды іріктеу.

7.     Әр гарнизонда тәжірибесі мол сержанттардан «жауынгерлік дайындық» пәні бойынша топ нұқсаушысын сайлау. (2010 жылғы тәжірибе бойынша)

 

Сержанттарды алда сынақ күтіп тұр

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығы бойынша 2016 жылдың 1-ші наурызнан бастап 1-ші қараша аралығында сержанттар аттестациядан өтеді. Аттестация  сержанттардың өз қызметтеріне сай не сай еместігін тексеруге мүмкіндік береді. Соынмен қатар, кадрлық резервты жасақтауға мүмкіндік береді.

Жетістік

Жұмыстың қауырттығына қарамастан ҚР ҚК Бас штабы Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасы министрлікте өтетін түрлі шараларға белсенділік танытады. Жылдық баға қорытындысы бойынша құрылымдық бөлім арасында аталмыш басқарма жүлделі орынды иеленген. Екі жыл қатарынан 2013-2014 басқарма 1-ші орын алды. 2015 жылы 2-ші орын бұйырған. 2015 жылы басқарма дене дайындығы бойынша 1-ші  орынға қол жеткізіп, грамота мен бағалы сыйлыққа ие болған. Өздеріңізге белгілі, өткен жылы «Достастық жауынгері» байқауында да сержанттар құрамы жоғары деңгейлі нәтиже көрсетіп, ел абыройын асқақтатқан еді.

Сержанттар корпусының еңбегі еленіп, Астана қаласында  ашылған әскери-патриоттық музейде сержанттарға тематикалық бұрыш арналған болатын.

 

Арай Сүгірбай

(Материал ҚР ҚК Бас штабы Сержанттар

құрамымен жұмыс басқармасы берген мәліметтер негізінде жазылды)


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"