1200-ден аса Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері сенбілікке қатысты

24 қыркүйек күні Астанада ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналдарының қатысуымен елорданы сәулеттендіру, абаттандыру және тазалау мақсатында жалпы қалалық сенбілік өтті.

Бұл сенбілікке ҚР Қарулы Күштерінен 1 200-ден аса әскери қызметші қатысты. Қаламызды сәулеттендіру мақсатында өткен бұл іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Орталық апараттың департаменттері мен басқармаларының және Астана маңында орналасқан әскери бөлімдердің, құрылымдық бөлімшелердің, ҚР ҚК ҚӘ , ҚР ҚК ӘТК, ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшылықтары басқармаларының әскери қызметшілері мен қызметкерлері, «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері, әскери полицияның, бас әскери-медициналық басқармасы, Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті  атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскерилері қатысты. 

Сенбілік барысында әскери қызметшілер 68665 әскери бөлімінің аумағында 200 емен ағашы мен 500 терек отырғызып, ҚР Қорғаныс министрлігінің Ильинкадағы коттедждер қалашағының аумағын, Тұран даңғылы бойындағы, «Астана жұлдызынан» бастап № 31 көшеге дейін, сонымен қатар ҚӘ, ӘҚК, ӘТК бас қолбасшылығының басқармалары, Әскери полиция бас басқармасы, Бас әскери-медициналық басқармасы, Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, 14776, 83205 әскери бөлімдері, «Жас ұлан» республикалық мектебі, ҚР Қорғаныс министрлігінің әкімшілік ғимаратының аумақтарын тазарту жұмыстарын жүргізді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"