Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

 Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Әуе шабуылына қарсы Қорғаныс Күштерінің 31767 «Г» әскери бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел барысында бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары капитан М.Калиуллин алғашқы сөзінде әскердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік шыдамдылық туралы хабарламаны жеткізді.

Үшарал гарнизоны Әскери полиция бөлімінің қызметшілері әділет майорлары Е.Ақжігітов, А.Бексапаров және әділет лейтенанты Ғ.Тоқтаубаев жеке құрамға сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық саласындағы Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік кодексінің негізгі баптарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен ұйымдардың басшылары пара алу деректерін хабардар етті.

Мұндай іс-шараларды өткізудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасы және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» жүзеге асыру.

Дүние жүзін жаулаған COVID-19 пандемиясына қарамастан дөңгелек үстел барлық санитарлық эпидемиологиялық нормаларға сәйкес өткізілді. Қорытындылай келе, қатысушылар осындай кездесулерді өткізудің маңыздылығын және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының, әскери қызметтегі құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын атап өтті.

Меруерт САФАЕВА


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи