Театрда өткен бір күн

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Семей гарнизонының 44736 әскери бөліміне шақырылған сарбаздар, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері ШҚО Семей қаласының Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрында болды.

Олар Ербол Жуасбек режиссерлік еткен жазушы-драматург С.Балғабаевтың шынайы өмірдің негізінде жазылған «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек» пьесасын тамашалады. Заманауи оқиғалар, ер мен әйел арасындағы қарым-қатынастар, адамгершілік пен сыйластық құндылықтары жайындағы қойылымнан ерекше әсер алды. Әскери қызметшілер жеңіл де, ойнақы отбасылық комедияны көріп, демалыс күнін жақсы өткізді.

   Бөлім сарбаздары бұған дейін 1856 жылғы тарих және сәулет ескерткіші – Семей тарихи-өлкетану мұражайын аралаған еді. XIX ғасырдың 50-ші жылдарында генерал-губернатор А.П.Проценконың бұйрығымен салынған ғимаратта революцияға дейін әскери губернатор тұрғанын, 1918 жылы ақ гвардияшылардың терроры кезінде ғимаратта ақ гвардияшы әскерлер, кейін Семей әскерлер тобының штабы да орналасқанын білді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"