«Рухани жаңғыру» сквері ашылды

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын негізге ала отырып, әскерилер де елімізге игі болар істерді  қолға алуда. Қордайдағы «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығына қарасты 2038 әскери бөлімінің қалашығында «Рухани жаңғыру» скверінің ашылуы – соған дәлел.

Салтанатты шараға жиналған қауымды алдымен бөлім командирі, подполковник Ғазиз Адилбеков құттықтады. Ертеңгі күнге естелік ретінде әскери бөлімнің лауазымды тұлғалары мен салтанатты шараға келген қонақтардың есімдері ескерткіш тақтаға ойылып жазылды. Осыдан кейін мемориалдық тақтаның пердесін бөлім командирі мен аудандық сот төрағасы ашып, сол маңға елу шырша ағаштарын отырғызды.

Әскерилер мен қонақтар өз есімдері жазылған ағашты отырғызып, естелікке суретке түсті. Клубқа қарама-қарсы орналасқан сквер келер жылы-ақ көркіне көз тоймайтын орынға айналады деп жоспарлануда. Салтанаты шара барысында аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының да шағын концерттік бағдарламасы қойылды.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"