Құрлық әскерлерінің Әскери институтында "Батыл жігіттер" байқауы өтті

Құрлық әскерлерінің Әскери институтында Наурыз мейрамы мерекесі қарсаңында әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет әртістік шеберлік және нағыз ер жігіттің бейнесін көрсететін «Батыл жігіттер» байқауын ұйымдастырды.

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты институттың әскери қызметшілері мен профессорлық-оқытушылар құрамының шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық тәрбиесін дамыту болды. Сайыста өздерінің таланттарын Құрлық әскерлері Әскери институтының 7 кафедрасы паш етті. Жеңіске жету үшін қатысушыларға барлық 4 байқау сынағында өздерін жаңа қырынан таныту қажет болды. «Таныстыру байқауы» қонақтар мен қатал әділқазыларға конкурсанттармен танысуға мүмкіндік берді. Ал шығармашылық байқау қатысушыларға өздерінің таланттарын аша түсуге септігін тигізді. Батырлардың ақыл-ойлары мен ептіліктерін көрермендер зияткерлік айналымда бағалай алды. Байқау соңында барлық қатысушылар армрестлингтен бақ сынасты. Көрермендерді әртүрлі жанрлардан құралған шығармашылық байқау тәнті етті. Қатысушылар домбыра шертті, гитарада сүйемелдеп, әзіл-сықақ қойылымдар қойды және ұлы ақындардың көркем шығармаларын оқыды. Байқау қорытындысы бойынша тактика кафедрасының оқытушысы подполковник Дәурен Исенғарин бірінші орынды иеленді, екінші орын тәрбие және идеологиялық жұмыстар кафедрасының оқытушысы подполковник Нұрмәмед Әлиевке бұйырды, ал үшінші орынды артиллерияның аға технигі, жүргізуші нұсқаушысы сержант Темірбек Айманов еншіледі.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

В Израиле представили инновационный камуфляж

В Израиле представили инновационный камуфляж

Пистолет-пулемет ПП-2000 - незаметный "друг" спецназа

Пистолет-пулемет ПП-2000 - незаметный "друг" спецназа