ҚР ҚК тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс органдары туралы

1993 жылы 19 қаңтарда  ҚР Президенті Н. Назарбаевтың №1084 жарлығымен елімізде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарлары институты құрылды.
1993 жылғы 22 маусымдағы  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiндегi тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс органдарын ұйымдастыру принциптерiн, қызмет тәртiбiн және олардың құқығы мен мiндеттерiн анықтайтын Қазақстан Республикасы Президентiнiң     N 1273 қаулысы бекітілді.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Iшкi iстер министрлiгiмен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен және Республикалық ұланның Қолбасшысымен бiрлесiп 1993 жылғы 30 шiлдеге дейiн тәрбие және әлеуметтiк-хұқықтық жұмыс органдары лауазымды адамдарының мiндеттері бекітілді.

ҚР ҚК тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс органдарының құрылымы

1993 жылы 19 қаңтарда  ҚР Президенті Н. Назарбаевтың №1084 жарлығы

ҚР ҚК БШ тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі департаменті

Қр ҚК Құрлық әскерлері тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасы

Әуе қорғанысы күштері тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасы

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімі

«Астана», «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімдері, Аэроұтқыр әскерлері мен Зымырандық әскер және артиллерия әскер тектері

Бригада, әскери оқу орындарындағы  әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі

Рота, батальон командирлерінің әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары

Қарулы Күштердiң оң беделiн нығайтуға бағытталған ақпараттық-насихаттық іс-шаралар

1.     Ақпараттық-насихаттық iс-шаралар кең аудиторияға және БАҚ-та жария етуге лайықталған, сондай-ақ ақпараттық кеңiстiктi құру жөнiндегi шаралар кешенiн қамтиды. 
      2. Өз БАҚ-ын құру және қолдау. Кәсiби бұқаралық ақпарат құралдары ұйымның маңызды нышаны ғана емес, сондай-ақ, оқырмандарды кеңiнен ақпараттандыруға, ұйымшылдық рухын қалыптастыруға ықпал етедi. 
      3. Веб-сайттарды құру. Қазiргi жағдайда жұртшылықты ақпараттандырудың маңызды көзiнiң бiрi-веб-сайттар құру болып табылады. Веб-сайттарда графикалық және көрнекiлiк сапасы жоғары деңгейдегi күнделiктi, талдау және ақпараттық, танымдық материалдарды (мысалы, әскер түрiнiң тарихы, таңбатану және т.б.) орналастыруға болады. 
      4. БАҚ-пен жұмыс. Қазiргi уақытта Қазақстанда әскери қызмет тақырыптарымен белсендi жұмыс iстейтiн немесе оларға қызығушылық танытатын көптеген БАҚ-тар бар. Осыған орай баспасөз релиздерiн, ақпараттық, талдау және басқа да материалдарды дайындау және оларды БАҚ-та тарату жөнiндегi баспасөз қызметтерiнiң жұмысын жандандыру талап етiледi. 
     5.  Жұмыстың неғұрлым тиiмдi болуы үшiн БАҚ-тарға берiлетiн материалдардың өзектiлiгi мен уақытпен үндесiп жатуын қамтамасыз ететiн перспективалық күнтiзбелiк жоспарлар әзiрлеу қажет. 
      6. Аккредитация, брифинг және баспасөз конференцияларын, өткiзу баспасөз релиздерiн, фото және бейне материалдар, жұмыс iстеп жатқан бөлiмдер мен бөлiмшелерге барып баспасөз турларын өткiзу сияқты ынтымақтастықтың дәстүрлi нысандары БАҚ-пен жұмыс iстеудiң маңызды түрлерi болып табылады. 
      7. Әлеуметтiк бейне- және аудио роликтер. Қарулы Күштердiң оң беделiн нығайтуға, қазақстандық патриотизмдi қалыптастыруға бағытталған әлеуметтiк бейне- аудио роликтердi теледидар мен радио арқылы тарату ақпараттық-насихаттық жұмыстың маңызды бiр бөлiгi болып табылады. 
      8. Көрнекi бұқаралық насихат. Ақпараттық насихаттық жұмыста плакаттар, күнтiзбелер, билбордтар және тағы басқа осындай қазiргi заманғы және дәстүрлi көрнекi үгiт және насихат құралдарына баса назар аудару қажет. 
      9. Арнайы әдебиет шығару. Ақпараттық-насихаттық жұмыстың маңызды бөлiгi - жаппай пайдаланушыларға лайықталған арнайы әдебиет шығару болуы тиiс. Бұл Қарулы Күштердiң тарихы туралы, әскер түрлерi, әйгiлi тұлғалар, айырым белгiлерi және әскери таңбатану және тағы басқа көптеген әскери-патриоттық, ғылыми-көпшілік басылымдар болуы мүмкiн.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"