Жауынгерлік дайындық жоғары деңгейде

Қазақстан Қарулы Күштерінде қазір қысқы оқу кезеңінің қызған шағы. Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес, Құрлық әскерлерінде бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігі мен роталық-тактикалық топтардың даярлығы өткізілуде.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 10810 әскери бөлімі мотоатқыштар бөлімшесінде бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігін пысықтауға арналған жаттығуларына куә болдық.
Сабақ барысында әскери қызметшілер бөлімшелердің құрамында қарсыласпен ұрыс жүргізуде барлық іс-қимылдарды толықтай пысықтай алды.
Аталған шара шеңберінде әскери қызметшілерге «Бөлімшенің жауынгерлік атыспен шабуылдауы», «Бөлімшенің жауынгерлік атысыз елдімекенде іс-қимыл жасауы» және түнгі жағдайда «Бөлімшенің жауынгерлік атыспен қорғаныс жасауы» тақырыптарында сабақтар жүргізілді.
Бөлімшелердің командирлеріне жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде тәжірибелік машықтарын жетілдіру және оларды табысты орындау, қарсыласты тауып олардың көзін жоюға арналған тапсырмалар қойылды.
Сонымен қатар, сабақтар барысында жауынгерлік атыстар кезінде авиацияның соққысы, залалсыздандырылмаған ауданмен жүріп өту, жеке құрамды түсіру, мина-жарылғыш қоршаудан өту, сондай-ақ алдыңғы шепте қарсыласқа шабуылдау және көзін жою сияқты тақырыптар кеңірек пысықталды.
- «Өздеріңіз білесіздер, жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес,
2018 жылғы 8 қаңтар мен 2 ақпан аралығында бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігі өтуде. Біз бүгін бөлімшелермен жауынгерлік атыс бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтарын өткіздік Бөлімшелердің жауынгерлік атыстары қорғаныс, шабуылдау және арнайы операциялар тақырыбын қамтыды», - деп атап өтті 10810 әскери бөлім командирінің жауынгерлік және дене дайындығы жөніндегі орынбасары подполковник Әділ Тұрғынбаев.
Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде роталық-тактикалық тобының жаттығуы ұйымдастырылды. Бөлімінің жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес атысқа тартылған барлық құрылымдар жауынгерлік әзірліктің жоғарғы деңгейіне келтірілді. Жауынгерлік машиналар паркіне келіп, белгілеген шартты ауданға маршты жүзеге асыру жөнінде
оқу-жауынгерлік тапсырма алды. Жеке құрамның қимылы анықталған соң колонна оқу полигонына жол тартты. Марш кезінде мотоатқыштар бөлімшелері тактикалық дайындық бойынша нормативтерді орындаудан шеберліктерін шыңдады. Оқу полигонында мотоатқыштар және барлау бөлімшелерінің жауынгерлік атысын сапалы жүргізу мақсатында барлау ротасының командирі капитан М. Исенов барлау бөлімшесінің жеке құрамымен «Барлау бөлімшесі іздеуде» тақырыбында, мотоатқыштар ротасының командирі аға лейтенант Е. Мұқатаев мотоатқыштар бөлімшесінің жеке құрамымен «Мотоатқыштар бөлімшесі қорғаныста» тақырыптарында нұсқаулық-әдістемелік дәрістер өткізді. Сонымен қатар, диверсантты-барлау топтары мен есептоптар әуедегі қарсыластың шабуылдары кезіндегі және залалсыздандырылмаған ауданды жүріп өтудегі іс-қимылдарды да меңгерді. Осылайша ең алдымен зенитті есептоптардың, зенитті дивизиондар бөлімшелерінің, бұдан соң мотоатқыштар бөлімшелерінің, мотоатқыштар батальонының, соңында штабтық батальонның барлау ротасы бөлімшелерінің атыстары жүзеге асты.
Жауынгерлік атыстың нәтижесінде кіші сержант А. Құмаров, кіші сержант Д. Рақымов, сержант А. Нұрсұлтанов, сержант А. Желнебеков, сержант О. Сейітқазин өздерінің жоғары кәсіби біліктіліктерін көрсете білді.
– «Роталардың күрделі жағдайдағы қимыл-әрекеті мен ауызбіршілігін тексеру мақсатындағы тактикалық оқу-жаттығу әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес жүзеге асты. Ол мотоатқыштар батальонында жауынгерлік атыспен «Мемлекеттік шекараны күшейту кезіндегі қорғаныс ұрысын жүргізу» тақырыбында өтті. Роталық-тактикалық тобы жаттығудың жоспары бойынша бейбіт тұрғындарға зардабы тиер, аймақтағы әскери-саяси жағдайдың ушыққанын пайдаланып, мемлекеттік шекараны бұзу арқылы заңсыз қаруланған лаңкестер шекара және әкімшілік ғимараттар мен нысандарды басып алып, елдің тыныштығын бұзуды көздейді. Заңсыз қаруланған құрамның көзін жою және мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұйрық алғаннан кейін рота командирі аға лейтенант Мақсат Қалмырзаевтың жетекшілігімен мотоатқыштар ротасы дабылмен көтеріліп, шоғырлану ауданына марш жасады. Жаттығуға қатысушылардың біріккен жедел қимылының нәтижесінде қарсылас топтың көзі түгел жойылды. Роталық- тактикалық тобының жаттығулары өз діттеген мақсатына жетті. Жеке құрам тактикалық кәсіби іс-қимылдарды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, шеберліктерін одан әрі арттырды», - дейді 27943 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асыл Ерғалиев.

Подполковник Мұхарбек Махамбет

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"