Жарасымды жанұялар жарысы өтті

ӘҚК Әскери институтында жуырда институт әйелдер кеңесінің және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің ұйытқы болуымен  «Отбасы күніне» арналған  «Әкем, анам және мен – спортшылар отбасы» атты спорттық эстафета өткізілді.

Эстафетаға институттың оқу авиациялық орталығы, байланыс бөлімі, басқарма, техникалық-пайдалану бөлімі, жалпыәскери факультет, ұшқыштар факультеті және материалдық-техникалық қамту батальонынан жеті отбасы командалары қатысты.

 Жарыстың мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, өзара келісім, татулық және сыйластық қасиеттерін дамыту, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты жандандыру. Эстафета ережесі бойынша  жарысқа әкесі, анасы және 8-12 жас аралығындағы балаларыы қатысты. Жарыста шармен жүгіру, пирамида құрастыру, көздеп, допты нысанаға дәл тигізу, қапшықпен секіру сияқты барлығы сегіз кезеңнен тұратын сынақ өткізілді. Жарыс өте көңілді, жоғары деңгейде өтті. Жарыс қорытындысы бойынша майор А.Базарқұловтың отбасы 1 орынды,   капитан Р.Бисеновтың отбасы 2 орынды,  қатардағы Р.Утетлеуовтың отбасы 3 орынды иеленді. Қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен грамоталар табысталды.

Б.Алмағамбетова


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"