Демалыс лагерінің оқушылары әскери бөлімдерде

 Демалыс лагерінің оқушылары әскери бөлімдерде

Оқу орындарындарының базасында ашылған жазғы демалыс лагерлердің тәлімгерлері Атырау, Ақтау және Ақтөбе әскери бөлімдеріне қонақ болып барды.

Шілде айында Ақтау, Атырау және Ақтөбе қалаларындағы «Шаттық», «Радуга» және «Жігер» мектеп жанындағы жазғы лагерлеріне келген оқушылар әскери бөлімдерді аралап көрді. Іс-шараны ұйымдастырушылар оқушыларды әскерилердің күнделікті өмірімен таныстырып, көрсету арқылы өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезімді дарыту, туған жерге деген мақтанышын оятып, Отанына қызмет етуге дайын болуға тәрбиелеуді мақсат етіп қойыпты. Шара барысында 300-ден аса оқушының әскери бөлімдерге келуі жоспарланған.

Ашық есік күндерінде оқушылар әскери өмірмен танысып, офицерлер мен сержанттармен сұхбаттасу барысында өздері үшін көптеген қызықты деректер мен мәліметтер алды. Олар әскерге келіп түскен заманауи техникалар мен қару-жарақ үлгілерімен танысып, әскери қызметшілердің кәсіби шеберліктерін өз көзімен көре алды. Сонымен қоса, олар сарбаздардың үй-жайларын, оқу кластарын, спорт қалашықтары мен асхананы аралап шықты.

–Біздер бүгін нағыз әскери қызметшілердің өмірімен танысып, олардың қызметтерінің жоғары жауапкершілік пен ұдайы кәсіби даярлықты қажет ететініне көзіміз жетті. Келешекте міндетті түрде Отан алдындағы борышымды абыроймен атқарып, нағыз ер азамат атануды алдыма мақсат етіп қойдым, - дейді Ақтау қаласының № 7 орта мектебінің оқушысы Амангелді Ізбасар.

Капитан Рүстем Игісінов,

 

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи