Даярлық деңгейі жоғары

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында әскери байланысшылардың ауқымды оқу-жаттығулары өтті. Алдымен әскери байланысшылардың кешендік жаттығулары кезінде шартты түрдегі қарулы қақтығыс жағдайында байланыс жүйелері құрылды.

Әскери байланысшылар он күн ішінде нақты жауынгерлік даярлық дәрежесі мен белгіленген уақыт ішіндегі тапсырманы орындау мүмкіндігі бойынша тексерілді. Кешендік жаттығулар кезінде олар дабыл бойынша көтеріліп, жауынгерлік қолданылыс аумағына марш жасап, байланыс тораптарын құрды. Негізгі тапсырма белгілі, ол жеке құрамның біліктілік деңгейі мен тапсырманы орындау кезіндегі шынайы мерзімдерді анықтау. Осы арқылы, байланысшылар алда күтіп тұрған «Батыс-2018» оқу-жаттығулары атты үлкен сынақ алдында дайындықтарын бір пысықтап алды.

Бұл жаттығуларға алғаш рет Беларусь Республикасының Әскери Академиясы мен Радиоэлектроника және Байланыс Әскери институтының биылғы түлектері қатысқан болатын. Осы жолы олар үлкен сынақтан сүрінбей өтіп шықты. Жаттығу нәтижесі бойынша капитан Евгений Толмачев пен аға лейтенант Наурыз Тілеуғалиев бастаған жеке құрам жақсы нәтиже көрсете білді.

Капитан Рустем Игисинов


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"