Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды

Генерал С. Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебінде Кеңес Одағының батыры, № 1 Халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовті еске алу салтанатты рәсімі өткізілді.  

2013 жылғы 23 қыркүйекте өмірінің 90 жасында Кеңес Одағының батыры,  Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің жүрек соғысы тоқтап қалды.  Аты аңызға айналған генералдың өмірлік жолы бұл көптеген әскери қызметшілер үшін қайсарлық пен Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Іс-шараға ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары  генерал-майор Мұхамеджан Таласов, ҚР Қарулы Күштердің ардагерлері, мектептің тәрбиеленушілері мен түлектері, Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері қатысты.   «Ол өзінің ұстанымдарына берік жалынды патриот, өзін Отанға қызмет етуге сарп еткен өз ісінің кәсіпқойы болды. Осынау ұлы әрі керемет адам, өз Отанының шынайы патриотына тән танымал тарихи еңбектері, жоғары жеке моральдық-іскерлік қасиеттері туралы ұзақ және көп айтуға болады. Қазіргі және кейінгі ұрпақ үшін қазақстандық қоғамның тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің ажырамас кепілі ретінде еліміздің Қарулы Күштерінің қалыптасуына оның тарихи рөлі мен қосқан баға жетпес үлесі айрықша назар аудартады.  Бұл адамның есімі адамдардың мәңгі есіңде қалады және тәуелсіз Қазақстанның тарихына алтын әріптермен жазылады", - деді сөз сөйлеу барысында генерал-майор Мұхамеджан Таласов.

Аты аңызға айналған Сағадат Нұрмағамбетовтің ерлігін жалғастырып келе жатқан жасұландықтардың атынан генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебінің түлегі Мұхамед Нұржанат сөз сөйледі. Шара соңында мектеп тәрбиеленушілері мен Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері гүл шоқтарын қойып, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың естелік тақтасының алдында салтанатты марш жүріп өтті. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"