Антқа адал болуға серт берді

2018 жылдың 8 қыркүйегінде Құрлық әскерлерінің Әскери институтының 1 курс курсанттары әскери ант қабылдады.

Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Ал елдің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін әскерге келген әрбір азаматтың өміріндегі ең маңызды қадамдарының бірі – әскери ант қабылдау.

Бұл күні Құрлық әскерлерінің Әскери институтытының 1 курс курсанттары Отанына, Президентіне, халқына серт берді.   Институт бастығы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов курсанттарға арналған өз құттықтау сөзінде «Әскери ант – адалдық рухы. Халқымыз «Анттан аттағаны – ардан аттағаны», - дейді. Яғни, адамзат нормаларының қалыптасқан шегі ар болса, оны бұзу опасыздыққа жатады. Талай ғасыр халқының еркіндігін сыртқы жаулардан қорғаған батыр бабаларымыздың, кешегі фашизмнің отын өшірген майдангер, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлы аталарымыздың аманаттаған Отанымыздың тәуелсіздігін қырағы күзету – ең ұлы қызмет. Сондықтан да бүгінгі берген анттарыңа әрдайым адал болыңдар! –деп атап өтті.

Аида Бектурова


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"