Заң және Кәсіпкер

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығы (бұдан әрі – Жарлық) қабылданды.
Осы Жарлықтың 1-тармағына сәйкес - орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге тыйым салынды.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдармен жеке кәсіпкерлік субъектілерінде заңсыз тексерулер жүргізуге жол берілмейтіндігі тапсырылды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Бас прокуртурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен кәсіпкерлікті қорғау мақсатында прокуратура органдарына Конституциямен берілген уәкілеттілігі шегінде нәтижелі жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, уәкілетті мемлекеттік орган (әскери бөлімі) асхана ісімен айналысатын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты ағымдағы жылдың наурыз айында жоспардан тыс тексеріс тағайындау туралы актісін шығарған.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Әскери басқармасымен уәкілетті мемлекеттік органмен ұсынылған тексеруді тағайындау туралы актісі, ҚР Бас Прокурорының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №162 бұйрығымен бекітілген «Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларының» 15-тармағы 14) тармақшасы негізінде тіркеуден бас тартылады.
Тексерісті тіркеуден бас тартуға негіз, уәкілетті мемлекеттік органның тексеру тағайындау туралы актісі бойынша кәсіпкерлік субъектісіне қатысты орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімі жоқ екендігі анықталды.
Жарлықтың 2-тармағында, Осы Жарлықтың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген тексерулер орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының шешімі негізінде жүргізіледі делінген.
Осылайша уәкілетті мемлекеттік органның қызметкерлерімен жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарын өрескел бұзып, шағын кәсіпкерлік субъектісіне заңсыз тексеру ашқан.
Осы факті бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, жауапты қызметкерлер тәртіптік жазаға тартылды.
Кәсіпкерлікті қорғау прокуратура органдарының қадағалау саласының басты бағыттарының бірі болып табылады және осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу Әскери басқармамен бұдан әрі жалғасады.


Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеттің Әскери басқармасының
аға прокуроры Д.Тоғызбаев

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"