Семинар: Мемлекеттік қызметші және оның қоғамдағы рөлі мен мәртебесі

«Мемлекеттік қызметші деген кім?» деген сұраққа қоғамның жауабы әр алуан болғанымен, мағынасы бір. Яғни, қоғамның мүддесі мен құқығы үшін адал және әділ қызмет етуші тұлға деп түсінуге болады. Ал, біздің заң шығарушы орган оған мынадай анықтама береді: «мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн мемлекеттiк лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы».

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет: заңдылық; қазақстандық патриотизм; мемлекеттiк биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы; мемлекеттік органдар қызметіндегі тиімділік, нәтижелілік, ашықтық; азаматтардың мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге тең құқығы; азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi; мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi; меритократия – мемлекеттік қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету; жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төмен тұрған мемлекеттiк органдардың мемлекеттік қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi; мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi; мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы; әдептілік; құқық бұзушылықтарға төзбеушілік; мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру; мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекақыны тең төлеу; мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу; мемлекеттік қызметшілерді оқытудың және қажетті құзыреттерін дамытудың үзіліссіз болуы; мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың практикалық бағдарлануы қағидаттарына негізделеді.
Осы уақытта басқа сұрақ туындайды. Мемлекеттік қызметшінің қоғамдағы рөлі қандай?  Бұл сұрақтың жауабы жоғарыда аталған қағидаттарға негізделеді деп айтуға болады. Себебі әр мемлекеттік қызметші қоғам үшін, адам және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына, оларды жүзеге асыруына кепілдік бере алатын тұлға болып табылады. Ал осылардың жиынтығы нәтижесінде қоғам үшін қызмет ететін демократиялық, құқықтық мемлекеттің құрамын қалыптастыратын мемлекеттік аппаратты құрайды. Осының негізінде мемлекеттік қызметшінің қоғамда алатын рөлін көруге болады. Ал, сондағысы оның мәртебесі неде? Әрбір қызметші өзінің мемлекет пен қоғамға қызмет етуімен мақтануы тиіс, себебі ол адамзат үшін қызмет етеді.
Мемлекеттік қызметшінің мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулері бар Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мемлекеттік қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет ерекшеліктеріне негізделген құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік қызметші мәртебесіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік лауазымға тағайындалған немесе сайланған кезден бастап ие болады және мемлекеттік қызметті тоқтатқан кезден бастап одан айрылады. Мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азаматтар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдайды.
Заңға сәйкес семлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға; Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдауға; азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға; функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға; лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға; қызметтік тәртiпті сақтауға және т.с.с. міндеттерді атқаруға тиіс болып табылады. Аталған тізім мұнымен ғана шектелмейді.
Қорытындай келе, мемлекеттік қызметші өзіне мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын адал жүзеге асыруға ант берген, жауаптылығы үлкен тұлға болып табылады.

ҚР Әскери Сотының кеңсе меңгерушісі А.К.Тайшубекова

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков