Рухани жаңғыру - мәңгілік ел болудың кепілі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтарындағы халыққа арналған кезекті жолдауында: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті» деген болатын. Сүйтіп, елді елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясы жарияланды.

Мәңгілік Ел идеясы отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады. Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші ғалымдарымыз Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк бабамыз негізін қалаған идея екендігін жазған. Тарихи деректерге сәйкес, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырған болатын. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.

«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру жолында Елбасымыз «Қазақ елі», «Ұлы дала Елі», «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» тәрізді стратегиялық, этномемлекеттік ұғым-түсініктерді елдің ішкі-сыртқы саясатына, теориясы мен практикасына енгізді, Қазақ хандығының 550 жылдығын бүкіл әлемге паш етті. 

Тәуелсіздік жылдары бой көтерген жаңа астанамыз ұлттық тарихты, дәстүр мен тәжірибені әлемдік деңгейдегі жетістіктермен көмкеріп, оның іргесін қалаушы Елбасымыздың көздегені билік те емес, байлық та емес, атақ-даңқ та емес, тек халқының қамы, нұрлы болашақ екенін толық дәлелдеді.

Асқақ армандар мен ұлы мұраттардан түзілген «Мәңгілік Ел» өздігінен биік технологияларды, материалдық игіліктерді, әлеуметтік инфрақұрылымды алақанымызға салмайды.

Ол үшін қоғамның бар саласындағы адам факторын ізгілікке, жасампаздыққа жегу қажет.   

Еліміздің ілгері өркендеуіне септесетін ұлы жобалар мен бастамалардың, идеялар мен бағдарламалардың алтын діңгегі бола білген Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялау арқылы әрбір қазақстан азаматының санасын жаңғыртуға бағытталған негізгі алты бағытын айқындап берді.

Бұл бағдарламада иірімі терең идеологиялық ойлар мен келешек дамуымыздың сара бағытын айқындап берген нақты шешімдер қамтылған.

«Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революция­лық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» атты алты бөлімдегі және «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші тараудағы ойлар мен идеялар тұжырымдамасы қоғамдық сананы жаңғырудың негізгі қағи­да­ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді.

Мемлектіміздің болашағына жол сілтейтін бағдаршам – бәсекеге қабілет­тілік. Ол саясатта, экономикада, руханиятта, яғни барлық салада болуы керек. Бәсеке болмаған жерде бірізділік белең алып, елдің ертеңгі күнге деген сенімі жоғала бастайды. Бәсеке болған жерде жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, санамыз жаңғырады. Барлығы санадан басталады. Сол себепті сана түзелуі керек. Сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыру қажет.

Мемлекет басшысы ұлттық сананы жаңғыртқанда өзіміздің, қазақстандық дербес даму үлгісін қалыптастыруымыз қажет екендігін атап өтті, яғни қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мем­лекеттік тіліміз бен ділімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, қазақи ру­хы­мызды жаңғырту.

Көне дәуірлерден келе жатқан хандар билігі  мен билер институты ел мен жердің, ұлттың мүддесі үшін қызмет етті. Олар дәстүрлі қазақ қоғамындағы қарапайым тәртіптен бастап, қылмыстық істерге дейінгі аралықтағы құн, жесір, мал, жер, дауларына қатысты мәселелерді қарап, әділ шешімдер шығарып отырған. Сөйтіп, дара билікті дана билікпен ұштастырған дарабоз билеріміз заңгерлікпен қатар қорғаушы, дипломат, тәрбиеші рөлін де қоса атқарған.

Қазіргі таңда қызмет атқарып жүрген судьялар осы билердің заңды ізбасарлары болып табылады. Кешегі билер тәріздес судья – ең алдымен әділдік пен турашылдықтың жаршысы болуға тиіс.

Бүгінгі таңда судья әрдайым өз қызметінде Ата Заңымыздан басқа, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, жалпыға бірдей адамгершілік нормалары мен мінез-құлық ережелерін басшылыққа алуы тиіс.

Билер тағылымынан бастау алған  сот қызметі өмір талабына орай, елімізде орын алып жатқан әлеуметтік-экономикалық саяси – ұйымдастырушылық өзгерістерге сәйкес жүзеге асырылуда. Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесін көтеріп, тәуелсіздігін нығайту мақсатында кешенді шаралар іске асырылуда.

Қазіргі заманғы ұлттың дамуының маңызды  өлшемі – мінсіз және тиімді  ұлттық сот жүйесі. Ал  тәуелсіз және әділетті сот – құқықтық мемлекеттің негізі. Онсыз әлемде бірде-бір ең дамыған мемлекеттерде қолайлы инвестициялық жағдайдың да, азаматтардың да жағдайларының жоғарғы дегейінің де, қоғамның  табысты дамуының да болуы мүмкін емес. Демек, азаматтарымыз туындаған даулары мен мәселелерін тек сот жүйесі арқылы шешіп, өз құқықтарын осы орган арқылы ғана қорғай алады.

Елбасы өзінің мақаласында «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деп ерекше атап өтті.

Осы мақалада аталған бағыттардың басты межесі –Еліміздің ұлттық бірлігін сақтай отырып бұдан әрі дамып, әлемдегі озық отыз елдің қатарына қосылу болып табылады.

Елбасының осы стратегиялық мақаласында аталған бастамалардың әр азаматтың санасында орын алуы үшін барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, зиялы қауым өкілдері және қоғам қайраткерлері атсалысуда.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Қ.Асанов таяуда ғана өткен сот төрелігін жүзеге асырудың 2017 жылғы қорытындысы бойынша кеңейтілген «Сот төрелігіне сенім және құқық үстемдігі – соттардың басты міндеті» атты кеңесте сот жүйесі қызметінің өзекті мәселелеріне тоқталып өтті. Атап айтқанда, ол таяу болашақта сот жүйесінің қалай өзгеретіні, Қазақстан дамыған елдердің «отыздығына» кіруі үшін сот билігі мен әрбір судья не істеуі керектігі жөнінде, азаматтардың соттарға сенімін арттырудың жолдары туралы ойларымен бөлісті.

Жоғарғы Сот Төрағасы өзінің үндеуі бойынша судьялар корпусы, прокурорлар мен адвокаттар, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзге де өкілдері тарапынан көптеген ұсыныс-пікірлердің келіп түскені, олардың мамандар тарапынан зерделеніп, алдағы уақытта олар бойынша шаралар белгіленетінін мәлімдеді. Ол «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Цифрлы Қазақстан» және «Рухани жаңғыру » бағдарламаларын іске асыру тұрғысындағы сот жүйесін одан әрі жаңғырту бойынша ұсыныстар келіп түскенін атап өтті. Тәуелсіз мемлекет болған жылдары сот саласында жүзеге асырылған реформаларға қысқаша шолу жасай келе Жоғарғы Сот Төрағасы жаңа өзгерістердің қажеттігін соттың қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, экономикалық даму секілді негізгі конституциялық қағидаттар үшін жауаптылығымен байланыстырды.

Елбасының «Рухани жаңғыруы» біздің тарих толқынындағы ұстанымымыз бен бағдарымыз болуы тиіс. Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, «Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қос­қан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға­ланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді. Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отыр­ғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақ­стан­дық­­тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек».

Сондықтан, Елбасымыз айқындап берген стратегиялық тапсырмаларды жүзеге асыруда әрқайсымыз өз саламызда өзімізге жүктелген міндеттерді адал орындасақ, Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асырудағы арман-мұратымыздың баянды болуына елеулі үлес қосқан болар едік, өйткені ұлт мүддесіне қызмет ету әрқайсымыздың қасиетті борышымыз.

Нәтижесінде жақын болашақта еліміз біртұтас ұлт ретінде өркениет көшінің алдыңғы қатарына қосылатынына кәміл сенеміз.

 

Қазақстан Республикасы

Әскери сотының судьясы М.Молышев


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"