Авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов: «Президент Жолдауы – стратегиялық дамуда маңызды құжат»

Ел Президентінің халқына Жолдауы мемлекет дамуының кезеңдік шегі және стратегиялық маңызды құжат болды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда экономика, саясат, білім, мәдениет, әлеуметтік салаларда ауқымды және түбегейлі реформалар жүргізілді. Осы өзгерістердің нәтижелері әлемге дамудың бірегей «қазақстандық жолы» туралы сөз қозғауға мүмкіндік берді.

Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Елбасының ұдайы қолдауы арқасында Қазақстанда шағын, ұтқыр және қорғанысқа қабілетті әскер құрылғанын атап өтті. Оның негізгі миссиясы мемлекеттің егемендігін және аумақтық тұтастығын қорғау болып табылады.

«Біздің әскер жаңа геосаяси шындықта ел қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерлерге тойтарыс беруге әзір болуы тиіс», - деді Президент.

Мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында елдің одан әрі дамуына қатысты өз пайымын нақтылады. Жолдауда қоғамның барлық салаларын, оның ішінде Қарулы Күштерді дамытуға қатысты тапсырмалар айтылды. Бағдарламалық құжатқа сәйкес әскерді дамыту мен кәсібилендірудің, қоғамдағы әскери қызметтің мәртебесі мен беделін арттырудың барлық аспектілері бойынша іс-шаралар кешені мақсатты түрде іске асырылатын болады.

Президент Жолдауында проблемалық аймақтарды және елдің одан әрі үдемелі қозғалысының стратегиялық бағыттарын қамтудың ауқымдылығы мен кешенділігімен ұштасатын оның нақты құрылымы мен нақтылығы барынша әсерлі көрінеді. Белгіленген жоспарды іске асыру үшін Қазақстанның саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының қазіргі кезеңінің қоғам болмысы көрініс табуы тиіс бірқатар заңнамалық актілерді қабылдау талап етілетінін бәріміз де түсінеміз. Жолдауда жалпы әлемдік процестің тұжырымдары ескерілген. Әскерді дамытуға қатысты іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде белгіленген барлық бағыттар орындалады, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың да, мемлекеттік емес сектордың барлық мүдделі құрылымдардың да бірлесе ойластырылған жұмысы ұйымдастырылады деп үміттенемін.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында Ауғанстандағы ахуалға, жаһандық шиеленістің жалпы өсуіне назар аударып, Әскери доктринаны қайта қарау міндетін қойды.

Бүгінгі күні тұрақты негізде өткізілетін «Бейбіт миссия», «Өзара іс-қимыл», «Іздеу», «Шекара» сияқты бірлескен оқу-жаттығулар жауынгерлік даярлықты бірлесіп жетілдіруге, дамытуға және қауіп-қатерлер мен сын-тегеурін көрсетулерге қарсы тұрудың жалпы тетіктерін әзірлеуге ғана емес, өңірдегі елдер арасындағы ынтымақтастық пен ашықтықты нығайтуға ықпал етеді.

Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері халықаралық оқу-жаттығуларда өзінің жауынгерлік шеберлігін бірнеше рет көрсетті. Мысалы, жақында «Жауынгерлік достастық-2021» бірлескен оқу-жаттығулары аяқталды. Ондағы мақсат әскери басқару органдарының дайындық деңгейін, жауынгерлік есептоптар мен экипаждардың үйлесімділігін арттыру, әуе және әуе шабуылына қарсы қорғаныс ұрыстарын жүргізу тәсілдерін пысықтау болды. Белсенді кезең барысында ӘШҚҚ жауынгерлік есептоптары зениттік зымыран кешендерінен іс жүзінде оқ атуды орындады. Әскери авиация экипаждары әуе және жердегі нысаналар бойынша авиациялық зақымдау құралдарын жауынгерлік қолдана отырып, күндізгі-түнгі ұшуларды пысықтады.

Мемлекет басшысының отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін қайта қарау туралы шешімі ерекше назар аударуға тұрарлық. Соңғы кездегі қарулы қақтығыстардың сипаты мен ерекшелігі әлемдік әскери өндірістегі басты назарды қару-жарақ пен техниканың жоғары технологиялық түрлеріне аударады. Мәселен, әскери авиацияны қарастыратын болсақ, онда бұл соңғы үлгідегі ұшқышсыз ұшу аппараттары, ұшақтар, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері. Жаһандық шиеленіс жағдайында бүкіл әлемдегі әскери техника мен қару-жарақты өндірушілер қазіргі заманғы әскери қақтығыстар мен қауіп-қатерлердің ерекшеліктерін ескеріп, басшылыққа алады. Сондықтан Мемлекет басшысы жариялаған ҚӨК-ті қайта қараудың қажеттілігі қазіргі заман шындығында өзекті болып табылады.

Талаптарға сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскерді цифрландыру жөніндегі тапсырма бойынша тәуелсіз Қазақстанның әуе кеңістігін ұдайы бақылауды жүзеге асырудың автоматтандырылған басқару жүйесі жұмыс жасайды.

Тұтастай алғанда, ҚР Әуе қорғанысы күштері – қауырт жауынгерлік оқу-жаттығумен, авиация ұшуларымен және ӘШҚҚ әскерлерінің тұрақты жаттығуларымен, мемлекетіміздің әуе шептерін күзету бойынша тәулік бойы кезекшілік атқару жөніндегі міндеттерді орындаумен қамтылған Қарулы Күштердің барынша ұтқыр және техникалық жарақтандырылған түрі. ӘҚК-нің қару-жарақ құрамында әуе және жерүсті нысаналарды зақымдаудың заманауи соңғы үлгідегі құралдары бар.

Жуырда Сарышаған полигонында С-300ПС жаңартылған зениттік зымыран кешендерін сынақтан өткіздік. Жаңарту мен күрделі жөндеуді «Гранит» АКТБ отандық мамандары жүзеге асырды. ӘШҚҚ әскерлерінің жауынгерлік есептоптары жүргізілген бақылау-сынау оқ атулардың барысында қанатты зымырандарға еліктейтін әуе нысаналары бойынша түнгі және күндізгі уақытта зымырандардың практикалық атуын жүзеге асырды.

Бүгінгі таңда әскери қызметшілердің дайындық деңгейі қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келеді, дегенмен бір сарында тоқтап қалмай, үнемі өсіп отырады. Дайындықтың жаңа әдістері, тактикалық маневрлер, заманауи әлемдік тәжірибе ұдайы даярлық бағдарламасына енгізіліп отырады.

Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері алдағы уақытта да өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін барлық күш-жігерін салуға, жоғары әскери тәртіп пен жарғылық тәртіпті сақтауға және аспанымыздың ашық болуын қорғау жолында жүктелген барлық міндеттерді орындауға ниетті.

Біз Жоғарғы Бас қолбасшы – ел Президентінің жаңа бастамалары ел азаматтарының жүрегіне жол тауып, санасында үн қосатынына және Қазақстан жақын арада әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына қосылатынына нық сенімдіміз.


Авиация генерал-лейтенанты Нұрлан ОРМАНБЕТОВ, 

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы

 




Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"