Ақпараттық технологияны дамыту – заман талабы

Бүгінгі таңда дамып келе жатқан болашағы зор сала ақпараттық технологиялар саласы екенін бүкіл әлем мойындап отыр. Бұл саланың берері мол екеніне көздері жеткен көптеген дамушы елдер қаржысын да, ресурсын да аяп жатқан жоқ. Осы елдердің арасында Қазақстан да бар. Жалпы, сандық технологиялардың біздің қоғамға берер артықшылықтары көп. Біріншіден, сандық технологияларды мемлекеттік органдардың қызметіне енгізсек, ол мемлекеттік органға тиімді болатыны және қызмет көрсету деңгейі жоғарлайтыны сөзсіз. Екіншіден, қарапайым тұрғындардың сандық технологияларды меңгеруі дамыған сайын қажетті ақпаратқа қол жеткізу және үкіметпен байланыс орнату барысында елеулі ілгерілеушілік пайда болады. Үшіншіден, ақпаратты алмасу мен сақтауда алға басарымызға да күмән жоқ.

Ақпараттық технологиялар немесе қысқаша айтқанда ІТ саласы мен цифрлы технологияларды дамыту қажеттігін Елбасы өзінің  «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған жолдауында баяндаған болатын.

Жолдауға сәйкес елімізде «Цифр­лы Қазақ­стан» мемлекеттік бағ­дар­ла­масы іске қосылуы белгіленді. Ақ­­парат­тық технология­лар жедел дамып бара жат­қан мына заманда IT сала­сын да­мыт­пасақ, дамыған 30 елдің қа­та­рынан көріну қиын болады. Себебі, өркениетті елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жыл­дан-жылға жақсартып келеді.

Қазақстандықтардың өмір сапасын арт­тыру әрі ұлттық экономиканы цифр­лан­­дыру бағдарламасын жүзеге асыру шең­берін­де 2020 жылға дейін интер­нет қолдану­шы­лардың санын 80% дейін арт­тыру, тұрғындардың 95% цифр­лы xабар таратумен қамту, азамат­тар­дың цифрлық сауаттылығын 80% дейін арттыру көзделуде.

«Цифрлы Қазақстан» тек бір ғана IT саласын емес, қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған. Бағдарлама Ішкі жалпы өнімдегі IT-секторының үлесін 2020 жылға дейін 5% жеткізуді жоспарлап отыр. Яғни, IT-секторында 150 мың жаңа жұмыс орны ашылады, еңбек өнімділігі 37% жоғарлату жоспарланған. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру да басты міндет болып табылады, ол 85% дейін жеткізілетін болады.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты ол елімізді цифрландыру арқылы мемлекет экономикасын дамыту және халық өмірінің сапасын жоғарылату.

Жалпы, дамып келе жатқан жаңа технологиялар біздің өмірімізді жеңілдетеді, бірақ онымен бірге әрқайсысын неғұрлым тез, тиімді, кәсіби жұмыс істеуге жетелейді. Адамның сана сезімі өзгереді – қоғамның өзі өзгереді, оған қызмет ететін институттар да жетілдіріледі. Сот жүйесі де сол қатарда. Оған негіз, таяу жылдарға электрондық сот төрелігінің сервистерін жаңғырту болашақ сот жүйесінің басты басымдықтарының бірі болып белгіленді.

Соңғы жылдары Жоғарғы сот заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы электрондық іс қағаздарын жүргізуге және сот ісін жүргізуге ауысу бойынша үлкен жұмыс атқарғанын айта кеткен жөн. Қазір, күнделікті сот тәжірибесінде соттар IT-технологиялар және ғаламтор ресурстарының мүмкіндіктерін көбірек пайдалана бастаған. Себебі жаңа технологиялар сот ісін жүргізу уақытын елеулі түрде қысқартып, сот жұмыстарының көрсеткіштерін оңтайландырады, ең бастысы, халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Олардың бірі, 2014 жылы енгізілген электрондық сот ісін жүргізуге ауысудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі. Бұл сервис, азаматтардың үйден шықпай-ақ, елдің кез келген сотына талап арыз беріп, кейіннен оның қаралу динамикасын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тағы да басқа 50-ден астам электронды қызмет көрсету мүмкіндігіне ие.  

«Сот кабинеті» сервисі іске қосылған сәттен бастап пайдаланушылар оның мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Халық сервисті кеңінен қолданып келеді, адвокаттар мен өкілдердің тиімді жұмысына көмегі зор,  азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіруге де, азаматтардың өз конституциялық құқықтарын қорғауына да ықпал етеді. Бүгінгі таңда «Сот кабинеті» сервисіне 180 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген.

Бұған қоса, ақпараттық жүйені одан әрі жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдан бастап «Мобильді сот кабинеті» сервисі іске қосылды. Бұл сервистің көмегімен сотқа қатысушы тараптар сотқа келместен интернет желісіне қосылған мобильді құрылғы арқылы сот мәжілісіне қатыса алады. Аталған сервис арқылы сот жүйесіндегі жаңалықтармен танысу, онлайн түрінде тағайындалған сот отырысы туралы ақпараттар алу және «Сот кабинеті» веб-сервисі арқылы сот органына жолданған барлық құжаттарды телефон құрылғысына жүктеу, сот олардың мән-жайын бақылау, хабарлама алмасу мүмкіншіліктері бар.

Аталған сервистің қолдану нәтижесінде республика әскери соттарына 2017 жылдың 12 айында талап арыздардың 99,7% электронды түрде түскен (2016 жылы - 81%). Бұл көрсеткіш халық арасында сервистің үлкен сенімге ие болғанын дәлелдейді.

Сонымен қатар, енді іс бойынша сенімхатты ресімдеу үшін тараптардың өз өкіліне өкілеттік беру үшін нотариусқа баруының қажеті жоқ. Интернет желісіне қолжетімділік пен электрондық-цифрлық қолтаңбасы болса жеткілікті, «Сот кабинеті» сервисі арқылы бұл жұмысты ұйымдастыруға болады.

Сенімхат қалыптастыру үшін Сот кабинетінде авторизациядан өтіп, «Электрондық сенімхат» бөліміне өту қажет. «Сенімхат»  ашылған бетте «Қосу» батырмасын басып, сенімхат нысанын, соның ішінде өкілдің деректерін толтырса жеткілікті. Сенім білдірушіге электрондық сенімхат жасау кезінде «Электрондық сенімхат» бөлігінде іске қатысушы тұлғалардың негізгі құқықтарын тізбе түрінде көрсету мүмкіндігі ұсынылған, бұл сенім білдірушіге нақты азаматтық іске қатысу үшін сенім білдірілген тұлғаға ұсынылатын құқықтар  шеңберін  дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Электрондық сенімхатты бірнеше сенімді өкілге беру көзделген, өйткені бір іс бойынша қатысатын сенімді өкілдер саны заңнамамен шектелмеген. Электрондық сенімхат электронды түрде қаралатын бір істің шегінде беріледі, сенімхаттың қолданылу мерзімі сот актісінің заңды күшіне енген және құжаттарды орындауға беру уақытымен шектелген.

Сонымен қатар, сот жүйесінің тағы бір айқын жетістіктерінің бірі - ол сот отырыс залдарын 100% дыбыс-бейне тіркеу құрылғысымен жабдықтау болып табылады. Барлық сот процесін тіркеу «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Мемлекет басшысы қойған өзекті мәселелерінің бірі.

Осы жүйенің артықшылықтары туралы айта кетсек, дыбыс-бейне тіркеу құрылғысы барлық процеске қатысушыларды тәртіпке салатынын, сондай-ақ сот отырысын жүргізу барысында туындайтын даулы кездерін шешу кезінде көмек көрсетеді. Сондай-ақ сот отырыстарының уақтылы басталуын бақылауға, сот отырыстарының хаттамаларын қысқа түрде жазуға мүмкіндік береді. 

Бұған қоса, дыбыс-бейне тіркеу жүйесі шеңберінде бейнеконференц байланысты ұйымдастыруға мүмкіндік беріледі, ол арқылы соттармен де, түзеу мекемелерімен де қашықтан сот отырыстарын, гарнизондардың әскери соттары мамандарының қатысуларымен үйрететін семинарлар жүргізіледі.

2017 жылғы 12 айы ішінде гарнизондардың әскери соттары сот процестерінің 98,5% дыбыс-бейне тіркеу жүйесін қолданып жүргізілген.

Сот жүйесінің цифрландыру бағытындағы тағы бір жарқын қадамы ағымдағы жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысының қатысуымен іске қосылған Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығын айтуға болады.

Ахуалдық орталық Жоғарғы Соттың ғимаратында орналасқан, ол тікелей режимде соттар жұмысын бірыңғай мониторингілеу жүйесі болып табылады. Ол тәулік бойы еліміздің 370 сотынан келіп түсетін 700 көрсеткіш бойынша өзекті сот ақпаратын жинаумен және талдаумен айналысуға мүмкіндік береді. Мәселен, процестік мерзімді бақылау, аудиобейнетіркеуді қолдану, сот процесінің уақтылы басталуы. Сот статистикасын жүргізуге ерекше көңіл бөлінетін болады.

Бұған қоса, Ахуалдық орталық республиканың 1418 сот залдарында процестердің өту барысын қадағалайды. Бұл соттағы дөрекі іс-қимылдарды, соның ішінде сот процесіне қатысушыларға төнген қауіпті тез арада анықтауға мүмкіндік береді.

Ахуалдық орталық сот жұмысының кестесінде болатын ақауларды жедел анықтау мен түзетуге бағытталған. Бұл - сот төрелігін жүзеге асырудағы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі жаңа практикалық цифрлық шешім.

Бір сөзбен айтқанда, жоғарыда көрсетілген жаңалықтарды енгізу сот төрелігінің жүзеге асыру процесін жеңілдеткен.

Ақпараттық технологияларды дамыту сот жүйесі үшін басымды бағыты болып табылады. Себебі ол сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдету, оңтайландыру және автоматтандыру, оған қоса бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады.

Демек, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Қазақстанның әлемнің неғұрлым бәсекелестікке қабілетті 30 елдеріне кіруі бойынша мақсатқа жетудің өзекті факторы болуы тиіс.

 

                                                                  Н. Байтілесов

                                                                  Әскери соттың әкімшісінің басшысы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"