Аға офицер Бисен ЖАҚЫПОВ: «ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ – ҚОҒАМ ІСІ»

Қазіргі жағдайда патриотизмді қалыптастыру маңызды әрі күрделі міндеттердің бірі. Бүгінде бұл Қорғаныс министрлігі қызметінің басты бағыттарының бірі десек қателеспеспіз. Әскери қызметшілер мен жас қазақстандықтарға әскери-патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ ардагерлермен жұмыс жасау туралы Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің аға офицері Бисен Жарылғасынұлы Жақыпов айтып берді.

Патриотизмге қоғам өмірінің барлық саласында ерекше орын беру қажет. Әскери-патриоттық тәрбие – бұл кешенді, көпжоспарлы және үйлестірілген қызмет. Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты объективті қиындықтарға қарамастан, біз әскери-патриоттық жұмысты одан әрі дамытудың неғұрлым тиімді жолын айқындай алдық.
Қорғаныс министрлігі осы бағытта пәрменді және практикалық шаралар қабылдады. Жергілікті атқарушы органдармен, ардагерлер ұйымдарымен, мәдени орталықтармен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, әскери-патриоттық сипаттағы түрлі іс-шараларды жоспарлап, өткіземіз.
Сонымен қатар, біз тек әскери қызметшілермен ғана жұмыс істеумен шектелмейміз. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу маңызды болып қала береді. Жастар өмірде әртүрлі жағымсыз тенденцияларға қарсы тұруға көмектесетін жеке моральдық-психологиялық қасиеттерге ие болуы керек.
Әскери қызметшілерді, сондай-ақ әскерге дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді жетілдіру мақсатында 2015 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ашылды, ол әскери қызметшілерді және әскерге дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің үйлестіруші органына айналды.
Қорғаныс министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп «Жас сарбаз» балалар-жасөспірім әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігін құрды.
Қозғалыстың қызметінің арқасында ағымдағы жылы әскери-патриоттық клубтардың саны 7021-ге дейін өсті, 215 500 баланы қамтыды.
Жыл сайын өткізілетін «Айбын» жастар жиыны әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралардың ауқымдысы болып табылады. Аудандық, қалалық, облыстық іріктеу турларына 55 мыңнан астам баланы қамтитын екі мыңнан астам клуб қатысады. Оның жастар арасында танымалдығы жылдан жылға артып келе жатқанын көріп отырмыз. Көптеген ұлдар мен қыздар әскери салаға белсенді қызығушылық танытады.
Жас патриот бейнесін құру, жастардың шығармашылық өнерпаздығын дамыту мақсатында жыл сайын «Жас ұлан» республикалық армия әндерінің фестивалі өткізіліп келді. Осы жылдан бастап әскери қызметшілер арасында «Сарбаз сахнасы» фестивалі ретінде және «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында «Жас сарбаз» фестивалі ретінде өткізілді.
Дәстүрлі негізде әскери-патриоттық акциялар, конкурстар, викториналар, әскери-далалық ойындар, әскериленген эстафеталар өткізіледі.
Ерлік сабақтарын өткізу дәстүрге айналды. Бұл жұмысқа әскери қызметшілер мен Қарулы Күштердің ардагерлері жұмылдырылады.
Оқушылар әскери бөлімге келіп, әскери қызметшілердің оқу-жауынгерлік даярлық процесін, олардың өмірі мен тұрмысын, қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін көре алатын «Ашық есік күндері» практикасы әскери-патриоттық тәрбиенің пәрменді нысаны болып қала береді.
Бұл Қорғаныс министрлігінің әскери-патриоттық іс-шараларының негізгі, бірақ толық емес тізімі.
Қорғаныс министрлігі әскери дайындық бере алады, батылдық, Отанды қорғауға қару-жарақпен дайын болу сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді.
Сонымен қатар Қарулы Күштер ардагерлерінің өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруде көмектері өте зор. Олардың қатысуымен әскери-патриоттық, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының кешені тұрақты негізде өткізіледі.
Айта кету керек, бізде әлі күнге дейін КСРО кезеңінде шетелде халықаралық парызды орындаған аға буын өкілдері қызмет етеді. Олар өздерінің тәжірибелерімен әрдайым бөлісіп отырады. Ардагерлердің көмегімен алғашқы әскери дайындық оқытушыларын іріктеу және орналастыру жүйесі жақсарады.
Қорыта айтқанда, патриотизм, яғни Отанға деген сүйіспеншілік әскери мәселелермен шектелмейді. Бейбіт уақытта бұл адамның Отанды мықты етуге, гүлдендіруге, оқуға, жұмыс істеуге, өз елінің дамуына үлес қосуға деген ұмтылысы деп түсінгеніміз абзал. Ал, бұл – тек армияның ғана емес, бүкіл қазақстандық қоғамның ісі және бұл жұмысты балабақшадан, мектеп қабырғасынан жүргізу қажет.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"