Ыстамбұл әуежайына шабуыл жасалып, 30-дан астам адам қаза тапты

Ыстамбұлда Ататүрік атындағы халықаралық әуежайға жасалған шабуыл салдарынан, соңғы мәліметтерге қарағанда, 32 адам қаза тауып, 60 адам жарақаттанды, деп хабарлады Би-Би-Си.

Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған мұны теракт деп атап, қасиетті Рамазан айында бейкүнә адамдарды өлтірген қаскөйлердің іс-әрекетін сынға алды. Ердоған халықаралық қоғамдастықты терроризммен күресуді күшейтуге шақырды.

Сейсенбі күні кешке Ыстамбұлда Ататүрік атындағы халықаралық әуежайда жарылыстар мен атыстар болды.

Түркияның әділет минстрі Бекир Боздагтың сөзіне қарағанда, мұны үш жанкешті жасаған.  

Шабуылшылардың бірі Калашников автоматымен күзетшілерге оқ жаудырды, деді Боздаг.

Өзге мәліметтерге қарағанда, шабуылшылар автоматтармен оқ жаудырып, кейін өз өзін жарған.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қаскөйлердің бірі әуежайдың кіреберісінде орналасқан металл іздейтін жабдықтың қасында шоғырланған адамдардың арасында тұрып жарылғыш затын іске қосқан.

Жарылыстан кейін Ыстамбұл халықаралық әуежайынан ұшырылады деп жоспарланған барлық рейстер кейінге шегерілді. Жолаушыларды қонақ үйлерге жайғастырып жатыр.

Әзірге бұл қылмысты ешкім мойнына алмады.

Өткен жылы Ататүрік әуежайы келушілердің саны бойынша Еуропада үш үздікке енген.  

2015 жылы оның қызметін  61 млн-нан астам адам пайдаланды.  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"