ҰҚШҰ террористік ұйымдардың бірыңғай тізімін жасамақшы

ҰҚШҰ террористік ұйымдардың бірыңғай тізімін жасамақшы

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ереванда өтетін саммит барысында террористік ұйымдардың бірыңғай тізімін жасау мәселесін талқыға салмақ, деп хабарлады «Мир» телеарнасына берген экслюзивті сұхбатында ұйымның Бас хатшысы Николай Бордюжа.

Ол туралы ҚазАқпарат vesti.ru. сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ҰҚШҰ басшысы бұл жобаның өзге халықаралық ұйымдардың ешқайсысында жоқ екендігін жеткізді. 

«Біз мүлдем жаңа жобаны ұсынғалы отырмыз - ол ҰҚШҰ террористік ұйымдарының бірыңғай тізімі. Біз оның тетіктерінің барлығын жасадық. Айта кететін мәселе - халықаралық құрылымдардың бірде-бірінде ұйымға мүше елдердің барлығында мойындалатын террористік ұйымдардың тізімі жоқ. Біз бірінші болып осы тетікті іске қостық. Біз оны келістік, енді, оны мемлекет басшыларының бекітуіне ұсынамыз»,-деді ол.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи