ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы жаңа төраға сайлайды

Бүгінгі отырыста ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы алдағы үш жылға жаңа төрағасын сайлайды, деп хабарлайды ресейлік РИА Новости.

«Ашық дауыс беру барысында парламент мүшелері ҰҚШҰ ПА Кеңес мүшелері арасынан алдағы үш жылға төраға сайлауы тиіс, төрағалыққа кандидатура туралы ұсыныс жалпы отырыста айтылады», - делінген хабарламада. РФ Мемлекеттік думасының сайтындағы хабарламада көрсетілгендей, ұйымдастырушылық пен заң жобасы сипатындағы мәселелер де ҰҚШҰ ПА тоғызыншы пленарлық отырысының күн тәртібіне енгізілген.

Олардың арасында «Заңды тұлғаның меншік және басқару құқықтарын және (немесе) оның активтерін заңсыз иеленуге қарсы әрекет туралы» үлгілік заңын талқылау және еңбек мигранттарын зейнетақымен қамтамасыз ету және адам саудасымен күрес саласындағы ұлттық заңнамаларды жетілдіру мәселелері бар.

 ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы - ҰҚШҰ мүшелері - ТМД Парламентаралық ассамблеясына қатысушы мемлекеттердің  парламентаралық ынтымақтастық органы, 2006 жылы 16 қарашада құрылған. ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан секілді алты мемлекет өкілдері енеді. 2013 жылы ҰҚШҰ ПА бақылаушы мәртебесіне Сербия парламентінің төменгі палатасы, Ауғанстан парламентінің төменгі палатасы және Беларусь пен Ресей одағының парламенттік жиналысы ие болды.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"