ҰҚК елдерінің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы Ереванда өтеді

ҰҚК елдерінің Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы сейсенбі күні Ереванда өтеді, деп хабарлайды БЕЛТА.

Армения қорғаныс министрлігі қоғаммен байланыс және ақпарат басқармасының хабарлауынша, Ереванға ҰҚК елдері қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстаннан делегация келеді.

Сонымен қатар, отырысқа ҰҚК бас хатшысы Николай Бордюжа және ҰҚК бірлескен штабының басшысы, генерал-полковник Анатолий Сидоров қатысады.

Отырыс қорытындысы бойынша қорғаныс министрлері кеңесінің қызметін жетілдіру мәселелері, ҰҚК мүше елдердің қарулы күштерін жабдықтау және жасырын байланыс ұйымдастыру жөнінде шешімдер қабылданады.

Айта кетейік, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан ҰҚК құрамына кіреді. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"