Түркия «Aлтай» атауымен жаңа танк шығарады

Түркияның қорғаныс саласындағы ең ірі «Otokar» компаниясы «Altay» ең жаңа танкін шығаруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл Түркияда аталған өндіріс типіндегі ең алғашқы сериялық соғыс машинасы болмақ. Бұл туралы «Anadolu» агенттігінен хабарлады, деп жазады Лента.ру.

«Otokar» компаниясы басқарма кеңесінің төрағасы Әли Коч Түркиямен одақтас елдердің тарапынан бұл жобаға қызығушылық бар екенін айтты. Сондай-ақ, ол Altay-дың алдағы болашақта жақсы экспорттық әлеуетке ие бола алатынына сенімді екенін жеткізді.

Altay танкін дайындау жұмыстары 2007 жылдан бері оңтүстіккореялық «Hyundai Rotem» компаниясымен бірге жүргізіліп келеді. 2011 жылы соғыс машинасының бірінші үлгісі ұсынылған. Altay тұжырымдамасының негізіне оңтүстіккореялық «K-2 Black Panther» танкінде қолданылған технологиялар салынды.

Түркия жалпы алғанда бұл типтегі 100 ауыр танкті сатып алуды жоспарлап отыр.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"