Солтүстік Кореяның баллистикалық зымырандарды ұшырудағы мақсаты анықталды

Жуырда Пхеньянның баллистикалық зымырандарды ұшыруы Оңтүстік Кореяда орналасқан америкалық әскери нысандарға соққы жасаудың пысықтауы болған.

Бұл туралы Солтүстік Кореяның ақпарат агенттігі мәлімдеді. Жаттығу барысында әскерилер ядролық оқтұмсықтағы жарылғыштың белгілі бір биіктіктегі жұмыс барысын тексерген. Зымырандардың ұшу қашықтығы әдейі шектелген болатын. - Жаттығу кезінде зымырандарды ату қашықтығы шектелді. Оның мақсаты америкалық империалистердің ядролық әскери қару-жарағы орналасқан Оңтүстік Кореядағы теңіз айлақтары мен аэродромдарына алдын алатын соққыны пысықтау болды,- дейді ҚХДР мемлекеттік телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі. Ресми Сеулдің мәлімдеуінше, Пхеньян осымен Қауіпсіздік кеңесінің қарарын кезекті рет бұзды. Оңтүстік Корея үкіметі бұл кез келген сәтте бесінші ядролық сынақты өткізуі мүмкін деп есептейді, сол себепті, халықаралық қауымдастықпен тығыз ынтымақтасып, жауап шаралары қабылданады. 

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"