Солтүстік Корея үш баллистикалық зымыран ұшырды

«Үлкен жиырмалық» саммиті алаңында Қытай мен Корея көшбасшыларының кездесуі өтті. Пак Кын Хе мен Си Цзиньпин Пхеньянның зымыран бағдарламасын талқылады.

Бұған жауапсыз қалмауды ойлаған Солтүстік Корея билігі Шығыс теңіз бағытына қарай 3 зымыранын ұшырды. Мың шақырым қашықтықты еңсерген зымырандар Жапония аймағына барып түсті. Ресми Сеул, Токио мен Пекин Корея Халық Демократиялық Республикасының іс-әрекетіне қатысты өз пікірін былай білдірді.

Чо Чжун Хёк, Оңтүстік Корея СІМ өкілі: - Солтүстік Кореяның бүгін зымыран ұшыруы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын өрескел бұзуы деп түсінуге болады. Зымырандардың ұшырылғаны арандатушылықтың белгісі және ядролық қару мен зымырандарды дамытуға арналған Солтүстік Кореяның бағдарламасы көрші елдерге, жалпы халықаралық қауымдастыққа, Корея түбегіне шынайы қауіп тудыруда. Сондықтан үкімет наразылығын білдіруде.

 Йошихиде Суга, Жапонияның Министрлер кабинетінің Бас хатшысы: - Солтүстік Кореяның кезекті әрекеттерін біз теріс бағалаймыз. Үкімет АҚШ, Оңтүстік Кореямен бірлесіп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесімен ынтымақтасу мақсатында, сондай-ақ КХДР тоқтату үшін және кез-келген жағдайға толық дайын болу үшін тиісті қадамдар жасауда.

Хуа Чуньин, Қытай СІМ ресми өкілі: - Бұл мәселе бойынша Қытайдың көзқарасы айқын және дәйекті. Қазіргі кезде түбектегі жағдайе өте күрделі. Мүдделі тараптар шиеленісті күшейтетін шараларды қабылдаудан аулақ болады және бейбітшілк пен тұрақтылықты сақтау үшін бірлесіп, тиісті шаралар қабылдайды деп үміттенеміз. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"