Сирияда әскери қақтығысты тоқтату туралы АҚШ пен Ресей дипломаттарының келісімі дүйсенбіде жергілікті уақытпен 19:00-де күшіне енді, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Сирия армиясы 18 қыркүйектің түн жарымына шейін әскери іс-қимылды тоқтату туралы мәлімдеме жария етті. Бітімге келудің басталуы Құрбан айт мерекесіне тура келді.