Ресейде ҚР ҚК-нің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Жанжүменовтің жетекшілік етуімен ҚР Қарулы Күштері делегациясының Ресей Федерациясына ресми сапары жүріп жатыр.

Сапар мақсаты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін шешу.

Жұмыс сапары шеңберінде Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі армия генералы Д. Булгаковпен кездесу өтті. Одан басқа, ҚР ҚК-нің делегациясы армия генералы А. Хрулёв атындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскери академиясының қызметімен танысып, Ресей ҚК-нің материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесіне барды.

Әскери-техникалық ынтымақтастықты әрі қарай тереңдету мақсатында Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Федералдық қызмет директорының орынбасары В. Дрожжовпен, әскери-өнеркәсіп кешенінің жекелеген ресейлік кәсіпорындарының басшылығымен кездесу  өткізілді. Сонымен бірге, Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті және армия генералы А. Хрулёв атындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскери академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум жобасын талқылау жоспарланған. Аталмыш меморандум қол қойылғаннан кейін ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық негіздерде материалдық-техникалық қамтамасыз ету аясындағы ынтымақтастыққа арналған негіз болады.

Сапар ағымдағы жылғы 24 мамырда аяқталады. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"