ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Ресейде Панфилов дивизиясына 75 жыл толуына орай әскери-тарихи форум өтті

Мәскеуде Панфилов дивизиясының құрылғанына 75 жыл толуына орай әскери-тарихи форум өтті, деп хабарлайды 24kz.

Ұлы Отан соғысына арналған Орталық мемлекеттік мұражайдағы шараға ардагерлер, ғалымдар мен әскери қызметтегі азаматтар келді. Мұражайдағы әскери-тарихи форум аясында «Мәскеу үшін шайқас. Алғашқы жеңіс» экспозициясы қойылды. Онда 50-ге жуық мұражайда сақталған құжаттар мен көне жәдігер бар. Ал панфиловшыларға арнайы бұрыш арналған.

Виктор Скрябин, Ұлы Отан соғысына арналған орталық мемлекеттік мұражай директорының орынбасары:
  - Форумда сұрапыл соғыста жеңіске жету үшін жұдырықтай жұмылған барлық республика халқы ұлықталды. Әсіресе панфиловшылардың ерлігі жайлы мазмұнды баяндамалар оқылды. Олардың көзсіз ерлігі тарихта мәңгі таңбаланып қалмақ.

Михаил Мягков, Ресей әскери-тарихи қоғамының ғылыми директоры:
- Панфиловшылар дивизиясы Қазақстанда жасақталған. Онда қазақтар да, өзге ұлт өкілдері де болды. Бейбіт заманда өмір сүрген осы қарапайым азаматтар жауға тойтарыс берудің қыр-сырын да меңгерді. Қайтпас қайсар жауынгерлердің ерен ерлігі еленіп, 316-дивизия гвардиялық атаққа ие болды.

Айта кетейік, мерейлі күнге арналған шаралар жыл соңына дейін жалғасады. Мәселен, 20 желтоқсанда өтетін жәрмеңкеде «Мәскеу. 1941» атты бірегей көрсетілім болады. Ұйымдастырушылар келушілерді Волоколамск түбіндегі шайқасты өз көзімен көргендей сезімде болатынына сенім білдірді. Өйткені заманауи құрылғылардың көмегімен ұрыс алаңындағы шайқасты шынайы көрсету көзделіп отыр.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?