Ресейдің жойғыш ұшағы Жерорта теңізіне құлады

Ресейдің көп функциялы Су-33 жойғыш ұшағы "Адмирал Кузнецов" авиа тасығышына қонатын кезде апатқа ұшырады деп хабарлады Ресей қорғаныс минитсрлігіне сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі.

Ұшқыш катапультпен секіріп кетіп, құтқарушы тікұшақпен әкетілген деп жазады Азаттық.

Министрлік апат ұшақты крейсер палубасында тежеуге көмектесетін сым арқанның үзіліп кетуінен болды дейді.

Қарашаның ортасында Ресей қорғаныс министрлігі "Адмирал Кузнецов" қызмет ететін Миг-29 жойғыш тікұшағының апатқа ұшырағанын хабарлаған. Ведомство ұшақ крейсерге жақын теңізге құлағанын, ұшқыштың құтқарылғанын мәлімдеген.

Ресейдің әскери-теңіз флотындағы жалғыз "Адмирал Кузнецов" авиа тасығыш крейсері Жерорта теңізінде жүр. 15 қарашада крейсерден Сириядағы нысандарға әуеден шабуыл жасала бастаған.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"